Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген Экспресс-жүк үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 23-тармақтың төртінші абзацында "(Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін)" деген сөздер алып тасталсын;
б) 28-тармақ үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасында және Қазақстан Республикасында кеден органына ЭЖТД берілетін мүше мемлекеттің валюта заңнамасына сәйкес валютаны бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжаттың (мәліметтердің) нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.";
в) 31-тармақта:
он екінші абзацта "және Беларусь Республикасында" деген сөздер ", Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзацта "Қазақстан Республикасында" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
Б. Сұлтанов |