Отынның детонациялық тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша отын түрлерінің анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 шілдедегі № 66 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтық бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған отынның детонациялық тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша отын түрлерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің ресурстары құрамына енгізілсін.

      3. Мыналар:

      анықтамалық осы Шешім күшіне енген күнінен бастап қолданылады;

      анықтамалықтың кодтық белгілемелерін пайдалану көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 7 шілдедегі
№ 66 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Отынның детонациялық тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша отын түрлерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың егжей-тегжей мәліметтері

Отын түрінің коды мен атауы

Отынның детонациялық тұрақтылығы көрсеткішінің коды

Отынның детонациялық тұрақтылығы көрсеткішінің мәні

АИ

Автомобиль бензині

АИ080

80

АИ081

81

АИ082

82

АИ083

83

АИ084

84

АИ085

85

АИ086

86

АИ087

87

АИ088

88

АИ089

89

АИ090

90

АИ091

91

АИ092

92

АИ093

93

АИ094

94

АИ095

95

АИ096

96

АИ097

97

АИ098

98

АИ099

99

АИ100

100

АИ101

101

ДТ

Дизель отыны

ДО030

30

ДО031

31

ДО032

32

ДО033

33

ДО034

34

ДО035

35

ДО036

36

ДО037

37

ДО038

38

ДО039

39

ДО040

40

ДО041

41

ДО042

42

ДО043

43

ДО044

44

ДО045

45

ДО046

46

ДО047

47

ДО048

48

ДО049

49

ДО050

50

ДО051

51

ДО052

52

ДО053

53

ДО054

54

ДО055

55

ДО056

56

ДО057

57

ДО058

58

ДО059

59

ДО060

60

ДО061

61

ДО062

62

ДО063

63

ДО064

64

ДО065

65

II. Анықтамалықтың паспорты

№ р/с

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

072

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

отынның детонациялық тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша отын түрлерінің анықтамалығы

4

Аббревиатура

ОДТОТА

5

Белгіленімі

ЕС 072- 2025 (ред.1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 шілдедегі № 66 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

09.08.2025

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Евразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

оны көлік құралдарының әртүрлі түрлері мен санаттары үшін қолдану мүмкіндігін анықтайтын отын түрлерінің сипаттамалары туралы мәліметтерді жүйелендіру және кодтау

12

Аннотация (қолдану саласы)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеуі шеңберінде пайдаланылады

13

Түйін сөздер

отын, детонациялық тұрақтылық, октан саны, цетан саны

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

техникалық реттеу

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

2 – анықтамалықтың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

2 – сыныптаудың иерархиялық әдісі, сатылар (деңгейлер) саны 2

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі.
Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Мәнді алып тастаған жағдайда анықтамалық жазбасы анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күнінен бастап қолданылмайды деп белгіленеді.
Анықтамалық кодтары бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, оның ішінде қолданылмайтын кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (өрістердің құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы құжаттың ІІІ бөлімінде көрсетілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтың мәліметтері ашық қолжетімді ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) алынған егжей-тегжей мәліметтерге сілтеме

https://nsi.eaeunion.org/portal

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай өрістер (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеме атауы" – деректеменің белгіленген немесе ресми ауызша белгіленуі;

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыр) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің ауызша сипаттамасы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілігі (опционалдығы) және деректеменің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен (n > 1, m > n) аспайтындай қайталануы тиіс;

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен (m > 1) аспайтындай қайталануы мүмкін.

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Отынның детонациялық тұрақтылығы көрсеткішінің түрі туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Отын түрінің коды

символдар жолы.
Шаблон: [АЯ]{2}

кодтық белгілеме Кеден одағының ТР КО 013/2011 техникалық регламентіне № 1 қосымшаға сәйкес қалыптастырылады

1

1.2. Отын түрінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 1000

атауы орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Отынның детонациялық тұрақтылығының көрсеткіші туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.1. Отынның детонациялық тұрақтылығы көрсеткішінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: [АЯ]{2}\d{3}

кодтық белгілеме кодтаудың тізбекті әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады

1

1.3.2. Отынның детонациялық тұрақтылығы көрсеткішінің мәні

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{2,3}

отынның октан (цетан) санының мәнін қамтиды

1

1.3.3. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.1. Қолданысы басталған күн

ИСО 8601 сәйкес күні
YYYY-MM-DD форматта

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге сәйкес келеді

1

*.2. Қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.2.1. Акт түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органының аксіті түрінің кодтық белгілемесі

1

*.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.2.3. Актінің күні

ИСО 8601 сәйкес күні
YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

*.3. Қолданысы аяқталатын күн

ИСО 8601 сәйкес күні
YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысының аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

*.4. Қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.4.1. Акт түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

*.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.4.3. Актінің күні

ИСО 8601 сәйкес күні
YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады