Шинаға салынған таңбалауда көрсетілген жылдамдық санаттарының анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 шілдедегі № 65 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экномикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған шинаға салынған таңбалауда көрсетілген жылдамдық санаттарының анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің ресурстары құрамына енгізілсін.

      3. Мыналар:

      анықтамалық осы Шешім күшіне енген күнінен бастап қолданылады;

      анықтамалықтың кодтық белгілемелерін пайдалану көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 7 шілдедегі
№ 65 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Шинаға салынатын таңбалауда көрсетілген жылдамдық санаттарының АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың егжей-тегжей мәліметтері

Шиналар жылдамдығы санатының коды

Шиналардың ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығының мәні

A1

5

A2

10

A3

15

A4

20

A5

25

A6

30

A7

35

A8

40

B

50

C

60

D

65

E

70

F

80

G

90

H

210

J

100

K

110

L

120

M

130

N

140

P

150

Q

160

R

170

S

180

T

190

U

200

V

240

W

270

Y

300

II. Анықтамалықтың паспорты

р/с

Элементің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

070

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

шинаға салынған таңбалауда көрсетілген жылдамдық санаттарының анықтамалығы

4

Аббревиатура

ЖСК

5

Белгіленімі

ЕС 070 - 2025 (ред.1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 шілдедегі № 65 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

09.08.2025

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

шина төзуі мүмкін ең жоғары жылдамдықты белгілеу бөлігінде көлік құралдары жиынтықталған шиналар туралы мәліметтерді жүйелендіру және кодтау

12

Аннотация (қолдану саласы)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеуі шеңберінде пайдаланылады

13

Түйін сөздер

ең жоғары жылдамдық, жылдамдық санаты, шина, көлік құралы, электрондық паспорт

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

техникалық реттеу

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

1 – анықтамалық GPC (Global Product Classification) GS1сыныптауышпен үйлестірілген
3 – сенімді дереккөзі бөлігін пайдалану әдісі

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік нөмірі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі.
Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Мәнді алып тастаған жағдайда анықтамалық жазбасы анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күнінен бастап қолданылмайды деп белгіленеді.
Анықтамалық кодтары бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, оның ішінде қолданылмайтын кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (өрістердің құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы құжаттың ІІІ бөлімінде көрсетілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтың мәліметтері ашық қолжетімді ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

сенімді дереккөздің жаңару жиілігіне сәйкес

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) алынған егжей-тегжей мәліметтерге сілтеме

https://nsi.eaeunion.org/portal

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай өрістер (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеме атауы" – деректеменің белгіленген немесе ресми ауызша белгіленуі;

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің ауызша сипаттамасы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілігі (опционалдығы) және деректеменің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен (n > 1, m > n) аспайтындай қайталануы тиіс;

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен (m > 1) аспайтындай қайталануы мүмкін.

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректемені қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Жылдамдық санаттары туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Шина жылдамдығы санатының коды

символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]|[A-Z][1-9]

сенім білдірілген дереккөзінде жылжамдық санатының белгілемесіне сәйкес келеді

1

1.2. Шинаның ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығының мәні

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

тиісті жылдамдық санаты (км/сағ) үшін ең жоғары рұқсат етілген жылдамдық мәнін қамтиды

1

1.3. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.1. Қолданысы басталған күн

ИСО 8601 стандарттары сериясына сәйкес күні YYYY-MM-DD форматта

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді

1

1.3.2. Қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.2.1. Акті түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

1.3.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.2.3. Актінің күні

ИСО 8601 стандарттары сериясына сәйкес күні YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

1.3.3. Қолданысы аяқталатын күн

ИСО 8601 стандарттары сериясына сәйкес күні YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысының аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

1.3.4. Қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.3.4.1. Акті түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

1.3.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.4.3. Актінің күні

ИСО 8601 стандарттары сериясына сәйкес күні YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады