Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 218 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген демпингке қарсы қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындаған баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін корреозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпинке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 218 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы қоса алғанда 2030 жылғы 23 маусымға дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдары:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 218 шешімімен көзделген мөлшерде демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін;
алдын ала демпингке қарсы баждарды өндіру үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 145 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын демпингке қарсы бажға есепке жатқызуды және ол төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы" 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 145 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
