Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 145 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" № 218 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы қоса алғанда 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейінгі мерзімге ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейінгі мерзімде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 218 шешімімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 1 ақпаннан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады