Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттары туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2024 жылғы 1 қазандағы № 2 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, осы шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 2 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экомикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

I. Жалпы ережелер

      Осы Негізгі бағыттар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 92-бабына сәйкес әзірленді, орта мерзімді стратегиялық құжат болып табылады және № 1 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ) шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін экономикалық қызметтің міндеттерін, бағыттарын, механизмдерін, құралдарын (іс-шараларын), өңдеу өнеркәсібіне (тамақ өңдеуді қоспағанда) жататын басым түрлерін және Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін басым болатын сезімтал тауарлардың тізбесін айқындайды.

      Осы Негізгі бағыттар отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіруге , кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіруге, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жасауға, тамақ және темекі өнімдерін өндіруге, сондай-ақ энергетикалық ресурстармен жабдықтауға қолданылмайды. Шарттың 92-бабының 3-тармағында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу және алынған нәтижелер мен Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың ағымдағы деңгейін, сондай-ақ мүше мемлекеттерді дамытудың ұлттық басымдықтарын ескере отырып, 2030 жылға дейінгі кезеңде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:

      Одақтың ішкі нарығының әлеуетін пайдалану негізінде мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өндірістің озыңқы өсуін ынталандыру;

      бірлескен өндіріске мүше мемлекеттердің аумақтарында олар үшін басым бағыттарда оқшаулау жөніндегі күш-жігерді біріктіру;

      өнеркәсіптік салада өндірістегі кооперациялық өзара іс-қимылды нығайту ;

      өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруды қолдау тетіктерін дамыту, оның ішінде аталған жобаларды қаржылық қолдау құралдарын жетілдіру;

      Одақтың ішкі нарығында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін кедергілерді жою және алып қою мен шектеулерді барынша қысқарту;

      мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік кооперацияға тартуға жәрдемдесу;

      технологиялық дамудың өзекті бағыттары бойынша Еуразиялық құзыреттерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;

      бірлесіп өндірілген өнеркәсіптік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны үшінші елдердің нарықтарына экспорттауға жәрдемдесу;

      мына салалардағы ынтымақтастықты дамыту:

      "жасыл" технологиялар;

      өнеркәсіптік өндірістердің экологиялылығын арттыру;

      табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

      мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өндірісін инновациялық және технологиялық дамыту;

      өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы.

      Осы Негізгі бағыттарды іске асыру мақсатында мүше мемлекеттер Одақ құқығына сәйкес Одақ шеңберінде өнеркәсіптік саясат жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Негізгі бағыттарды іске асыру мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы саясатын әзірлеуге, қалыптастыруға және іске асыруға кедергі келтірмеуге тиіс.

ІІ. Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту бағыттары

      Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту бағыттары мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы кезінде мәселелерді пысықтаудың және тиісті жобаларды іске асырудың тәсілдерін айқындайды.

      Одақ шеңберінде 2030 жылға дейін өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың мынадай негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады.

1-бағыт. Одақтың ішкі нарығының әлеуетін пайдалану

      Одақ шеңберінде кооперациялық байланыстарды дамыту, кедергілерді жою, бірлескен өндірістерді жергіліктендіру, Одақ шеңберіндегі өндірістік тізбектерге шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарды тарту үшін өңірлік экономикалық интеграцияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Одақтың ішкі нарығының қолда бар әлеуеті барынша толық және тиімді іске қосылатын болады.

      Атап айтқанда, Одақтың ішкі нарығының әлеуетін пайдалану мыналарға бағытталатын болады:мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендерінің кооперациялық байланыстарын дамыту және Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінде өндірістік тізбектерді қалыптастыру;

      № 3 қосымшаға сай тәртіпке сәйкес № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясаттар туралы мүше мемлекеттердің өзара хабардар болу механизмін іске асыру;

      мүше мемлекеттердің аумақтарында олар үшін басым бағыттарда бірлескен өндірісті дамыту және жергіліктілендіру;

      өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруды қолдау тетіктерін дамыту;

      Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға және алып қоюлар мен шектеулерді барынша қысқартуға қатысты мәселелерді пысықтау;

      мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік кооперацияға тартуға жәрдемдесу.

2-бағыт. Одақ шеңберінде өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты дамыту

      Одақ шеңберінде өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастық саласында мүше мемлекеттердің технологиялық болжау, өнеркәсіптік өндірістің технологиялық процестеріне инновацияларды енгізу, цифрлық технологияларды ауқымды пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, мүше мемлекеттер үшін технологиялық дамудың өзекті бағыттары бойынша еуразиялық құзыреттерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау жөнінде бірлескен күш-жігер жұмсау талап етіледі.

      Аталған міндеттер:

      Одақ шеңберіндегі технологиялық болжау;

      "жасыл" технологиялар және өнеркәсіптік өндірістердің экологиялылығын арттыру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      саладағы өзара іс-қимыл:

      индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

      өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы шешілетін болады.

3-бағыт. Экспорттық нарықтардағы ынтымақтастықты дамыту

      Жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді әртараптандыруға қолайлы жағдайлар жасау үшін негізгі бағдарлардың бірі мүше мемлекеттерден тыс жерлерге өнім өткізу нарықтарын кеңейту болып табылады. Бұл бағыт үшінші елдердің нарықтарында бірлесіп өндірілген өнімді орналастыруға ықпал ететін құралдарды іске қосуды, халықаралық деңгейде тұрақты диалогты, сондай-ақ мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында жасалатын сауда келісімдері шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуды талап етеді.

      Аталған міндеттер:

      Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын ескере отырып, үшінші елдермен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      мүше мемлекеттердің бірлесіп өндірілген өнеркәсіптік өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл арқылы іске асырылатын болады. Осы Негізгі бағыттарды іске асыру талдамалық сүйемелдеу № 4 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша индикаторлар ескеріле отырып, сондай-ақ № 5 қосымшаға сәйкес осы Негізгі бағыттарды іске асыруды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

  Еуразиялық экомикалық
одақ шеңберіндегі
өнеркәсіптік ынтымақтастықтың
2030 жылға дейінгі
негізгі бағыттарына
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің ТІЗБЕСІ

      1. Ұшақ жасау.

      2. Автомобиль жасау.

      3. Сутегі энергетикасындағы машина жасау.

      4. Жаңартылатын энергетика мен энергияны жинақтау жүйелеріндегі машина жасау.

      5. Теміржол машиналарын жасау.

      6. Ғарыш технологиялары.

      7. Жеңіл өнеркәсіп.

      8. Жиһаз өнеркәсібі.

      9. Металлургия өнеркәсібі.

      10. Мұнай-газ машиналарын жасау

      11. Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды өндіру.

      12. Автомобиль электр көлігін, оған арналған жиынтықтауыштарды және зарядтау инфрақұрылымын жасау.

      13. Құрылыс материалдарын өндіру.

      14. Целлюлоза, қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар өндірісі.

      Мамандандырылған машина жасау (ауыл шаруашылығы машиналарын жасау; тамақ өнімдері мен сусындарды өндіруге арналған машиналар мен жабдықтар; жер қазу машиналарын, жолдарды салуға және күтіп ұстауға арналған машиналарды, құрылыс-жол материалдарын тасымалдауға арналған машиналарды, көтергіш - көлік машиналарын, құрылыс материалдарын өндіруге арналған машиналар мен жабдықтарды; тау-кен жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтарды қоса алғанда, құрылыс-жол машина жасау; орман техникасы; әуеайлақ техникасы; өрт техникасы, коммуналдық машиналар; қоқыс сұрыптау техникасы, тіркеме техникасы және шассидегі қондырмалар; мотоцикл техникасы; жоғары өтімділік техникасы; порт техникасы; қойма техникасы, сондай-ақ жоғарыда аталған топтарға енгізілмеген басқа да машиналар мен жабдықтар).

      15. Радиоэлектрондық өнеркәсіп (оның ішінде өндіріс есептеу, электронды және микроэлектроника).

      16. Станок жасау. және оптикалық техника

      17. Кеме жасау өнеркәсібі.

      18. Ауыр машина жасау.

      19. Медициналық бұйымдардың фармацевтикалық өнеркәсібі.

      20. Химия өнеркәсібі.

      21. Энергетикалық машина жасау, және кабель өнеркәсібі

      22. Зергерлік өнеркәсіп.

      23. Ядролық және радиациялық технологиялар саласындағы машина жасау.

  Еуразиялық экомикалық
одақ шеңберіндегі
өнеркәсіптік ынтымақтастықтың
2030 жылға дейінгі
негізгі бағыттарына
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым болатын сезімтал тауарлардың ТІЗБЕСІ

Позицияның атауы

СЭҚ ТН коды

Автомобиль жасау

Жеңіл автомобильдер

8703-тен

Жеңіл автобустар

8702-ден

Жүк және арнайы автомобильдер

8704-тен, 8705

Карьерлік самосвалдар

8704-тен

Тіркемелер мен жартылай тіркемелер

8716-дан

Моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары, оның ішінде Іштен жану қозғалтқыштары, автокөлік құралдарының шанағы мен шассиі

8407-ден, 8408-ден,
8706 00 - 8708

II. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Автомобиль шиналары

4011-ден

ІІІ. Жеңіл өнеркәсіп

Иірілген жіп және мақта маталар

5205 - 5212

Иірілген жіп және жүн маталар

5106, 5107,
5109, 5111,
5112

Иірілген жіп және жібек маталар

5004 00,
5005 00
5006 00-ден,
5007

Иірілген жіп және зығыр маталар

5306, 5309

Жіп және химиялық талшықтар

5401-5406 00 000 0,5501-5504

Синтетикалық және жасанды талшықтар мен жіптерден, оның ішінде кешенді (штапельді қоса алғанда) маталар

5407 – 5408, 5512 - 5516

Химиялық талшықтардан жасалған тігін жіптері, химиялық талшықтардан жасалған иірілген жіп (синтетикалық және жасанды)

5508 - 5511

Жол көрпелері мен көрпелер

6301

Төсек, асхана, дәретхана және ас үй іш киімдері

6302

Кілемдер және өзге де тоқыма еден жабындары

5701 - 5705 00

Машинамен немесе қолмен тоқылған тоқылған маталар

6001 - 6006

Мата емес материалдар

5602, 5603

Сіңдірілген тоқыма материалдары, оның ішінде шиналарға арналған кордты материалдар

5902, 5903-ден, 5906,
5907 00 000 0-ден

Сыртқы киімдерді, іш киімдерді, свитерлерді, жемпірлерді және ұқсас бұйымдарды қоса алғанда, тоқылған бұйымдар

6101 - 6117

Корсет бұйымдарынан басқа, сыртқы киімді, іш киімді және ұқсас бұйымдарды қоса алғанда, тоқыма материалдарынан жасалған киім (трикотаждан басқа)

6201 - 6217

Бас киімдер

6504 00 000 0 -
6506

Табиғи жүннен жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар

4903

Былғары, оның ішінде күдері

4104-4107,4112 00 000 0-4114

Аяқ киім және аяқ киім бөліктері

6401-6406

Чемодандар, әйелдер сөмкелері және ұқсас бұйымдар

4202-ден

IV. Металлургия өнеркәсібі

Темір прокаты

7208 - 7217,
7219 - 7223 00,
7225 - 7229

Болат тұрбалар

7303 00 -7306

V. Құрылыс материалдары өнеркәсібі

Шыны

7002 - 7004, 7006 00, 7007

Шыны талшығы және шыны маталар

7019

Қыш плиталар мен плиткалар

6907-ден

Цемент

2523-тен

Құрылыс кірпіштері, еден блоктары, тастар қыш көтергіштер немесе арқалық конструкцияларын толтыруға арналған тастар және қыштан жасалған ұқсас бұйымдар

6904

Қыштан жасалған санитариялық-техникалық бұйымдар

6910

Термиялық жылтыратылған әйнек және тегістелген немесе жылтыратылған беті бар, табақтарда сіңіретін, шағылыстыратын немесе шағылыспайтын қабаты бар немесе жоқ, бірақ басқа тәсілмен өңделмеген шыны

7005

Жақтаулы немесе жақтаусыз шыны айналар, соның ішінде артқы көрініс айналары

7009

Шыны пакеттер

7008 00

VІ. Электр жабдықтарын өндіру

Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар

8418

Тұрмыстық кір жуатын машиналар

8450

Қыздыру шамдары және жарықдиодты шамдар

8539-дан

VII. Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

Шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар

8701-ден

Астық жинайтын комбайндар

8433-тен

Топырақты дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары

8432-ден

VIII. Өзге де көлік жабдықтарын өндіру

Теміржол жылжымалы құрамына арналған тұтас шыңдалған дөңгелектер

8607-ден

IX. Ағаш және қағаз өнімдері

Ағаш-жоңқа тақталары

4410

Ағаш талшықты плиталар

4411

Фанерлер

4412

Ағаш материалдары

4401, 4403

      ________________________________________

      * Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнім түрінің атауын басшылыққа алу керек, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары анықтамалық мақсаттарда келтірілген.

  Еуразиялық экомикалық
одақ шеңберіндегі
өнеркәсіптік ынтымақтастықтың
2030 жылға дейінгі
негізгі бағыттарына
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді өзара хабардар ету және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым сезімтал тауарларға қатысты консультациялар жүргізу ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) позицияларын өзара есепке алу мақсатында Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым болатын сезімтал тауарларға (бұдан әрі сезімтал тауарлар) қатысты өнеркәсіптік саясат шараларын қабылдардың алдында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және сезімтал тауарларға қатысты консультациялар (бұдан әрі - консультациялар) жүргізу және мүше мемлекеттерді ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланатын бағыттары туралы өзара хабардар ету (бұдан әрі - өзара хабардар ету) кезінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының (бұдан әрі – уәкілетті органдар) және Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) ұлттық өнеркәсіптік саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы уәкілдерінің (бұдан әрі-сезімтал тауарлар) іс-қимылдарының мерзімдері мен реттілігін айқындайды.

      2. Мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша және қалған мүше мемлекеттердің келісімімен консультациялар жүргізу және өзара хабардар ету Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым сезімтал тауарлардың тізбесіне енгізілмеген тауарларға қатысты жүзеге асырылуы мүмкін (Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2024 № шешімімен бекітілген Еуразиялық экомикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттарына № 2 қосымша)

      3. Консультациялар жүргізу және өзара хабардар ету мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекетішілік келісуді және олардың осындай актілерді қабылдауын жүзеге асыруға кедергі келтірмейді.

      Осы Тәртіптің мақсаттары үшін нормативтік құқықтық актілер (актілердің жобалары) деп мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілері, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының актілері (осындай актілердің жобалары), ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық бағдарламалары (осындай бағдарламалардың жобалары) түсініледі.

ІІ. Консультациялар жүргізу

      5. Консультациялар уәкілетті органдардың ұсыныстары бойынша жүргізіледі.

      Егер осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге (актілердің жобаларына) қатысты мүше мемлекеттер алдын ала хабардар етуді қамтамасыз етпеген жағдайда Комиссия мүше мемлекеттердің келісімі бойынша консультациялар өткізуге бастамашылық жасауы мүмкін.

      6. Консультациялар өткізу туралы ұсыныстарды уәкілетті орган консультациялар өткізу ұсынылатын күнге дейін 20 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жібереді.

      7. Комиссия консультациялар өткізу туралы ұсыныстар алынған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде консультация өткізу ұсынылатын күнді, орнын және форматын көрсете отырып тиісті ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жібереді.

      8. Уәкілетті органдар Комиссиядан ақпарат алынған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде консультация өткізу туралы ұсыныспен келісетіні туралы Комиссияны хабардар етеді не өзінің консультация өткізу туралы ұсыныстарын, сондай-ақ консультацияға қатысушылар туралы ақпаратты жібереді.

      9. Консультацияларды ақпараттық сүйемелдеуді (хаттама жобасын жасауды, мүше мемлекеттердің позициялары туралы ақпаратты таратуды) Комиссия жүзеге асырады.

      10. Консультациялар өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет шеңберінде және (немесе) Комиссия алаңында өткізілуі мүмкін.

      Консультациялар өткізу отырысты күндізгі форматта да, бейнеконференция форматында да арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      11. Консультацияларды бейнеконференция форматында өткізу кезінде бейнеконференция байланысын ұйымдастыруды уәкілетті органдар мен Комиссия дербес қамтамасыз етеді

      12. Консультацияларға:

      а) мүше мемлекеттерден – уәкілетті органдардың және өзге де мүдделі органдардың өкілдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың шақыруы бойынша – бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, өндіруші ұйымдардың және өнеркәсіптік өнімді тұтынушылардың және өзге де өндірушілер мен тұтынушылар бірлестіктерінің өкілдері;

      б) Комиссиядан-құзыретіне өнеркәсіптік саясат мәселелері жататын департаменттің, сондай-ақ Комиссияның өзге де мүдделі департаменттерінің өкілдері қатысуы мүмкін.

      13. Консультациялар өткізу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, ол консультациялар өткізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мүше мемлекеттерге жіберіледі.

      14. Мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша консультациялар барысында мүдделі мүше мемлекеттің Одақ органы актісінің тиісті жобасын әзірлеуі және Комиссияға енгізуі туралы мәселе қаралуы мүмкін.

      15. Консультациялар өткізуге байланысты шығыстарды мүше мемлекеттер мен Комиссия дербес жүзеге асырады.

III. Өзара хабардар ету

      16. Мүше мемлекеттер Комиссияның уәкілетті органдарының сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланатын бағыттары туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ олар туралы ақпаратты қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберу арқылы хабардар етуін қамтамасыз етеді.

      17. Уәкілетті органдар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және олар туралы ақпаратты осы нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік билік органдарымен келісілгеннен кейін, ал мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік билік органдарымен келісуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және олар туралы ақпаратты - ведомствоішілік келісу жүргізілгеннен кейін Комиссияға жібереді.

      18. Комиссия уәкілетті органнан келіп түскен нормативтік құқықтық актінің жобасын және ол туралы ақпаратты көрсетілген жоба мен ақпарат Комиссияға келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жіберуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органнан келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және олар туралы ақпаратты нормативтік құқықтық актілердің (актілер жобаларының) тізіліміне енгізеді сезімтал тауарларға қатысты мүше мемлекеттер қабылдаған (әзірлеген), Одақтың ресми сайтында өнеркәсіп порталында жабық қолжетімділікте орналастырылған.

      18. Комиссия уәкілетті органнан келіп түскен нормативтік құқықтық актінің жобасын және ол туралы ақпаратты көрсетілген жоба мен ақпарат Комиссияға келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жіберуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органнан келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және олар туралы ақпаратты Одақтың ресми сайтындағы өнеркәсіп порталында жабық қолжетімділікте орналастырылған сезімтал тауарларға қатысты мүше мемлекеттер қабылдаған (әзірлеген) нормативтік құқықтық актілердің (актілер жобаларының) тізіліміне енгізеді.

      19. Уәкілетті органдар келіп түскен нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (бар болса) өздері актінің жобасын және ол туралы ақпаратты алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы осы Тәртіптің 18-тармағында көрсетілген тізілімге енгізілген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жібереді.

      20. Комиссия уәкілетті органдардан келіп түскен нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оларды осы жобаны ұсынған уәкілетті органға ұсынады, ол оларды қарайды және ескертулер мен ұсыныстарды алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей оларды қарау нәтижелері туралы ақпаратты Комиссияға ұсынады.

      21. Комиссия осы Тәртіптің 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жібереді.

      22. Комиссия және мүше мемлекеттерді нормативтік құқықтық актілердің жобалары туралы хабардар ету мемлекетішілік келісу рәсімінен өтуге және мүше мемлекеттің осы актілерді қабылдауына кедергі келтірмейді.

  Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттерді өзара хабардар
ету және Еуразиялық экономикалық
одақ шеңберінде өнеркәсіптік
ынтымақтастық үшін басым
сезімтал тауарларға қатысты
консультациялар жүргізу тәртібіне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым сезімтал тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді өзара хабардар ету нысаны

Нормативтік құқықтық акт жобасының атауы

Нормативтік құқықтық акт қолданылатын тауарлар (сала)

Нормативтік құқықтық актіні әзірлеу мерзімі, қабылдаудың жоспарланған күні

Нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты

Нормативтік құқықтық актінің жобасында көзделген өнеркәсіптік саясат шараларының сипаттамасы

Нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімі

Қосымша ақпарат*

1

2

3

4

5

6

7

      __________________________________

      *Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік биліктің уәкілетті органының қарауында бар тауар (сала) бойынша статистикалық деректер, сондай - ақ нормативтік құқықтық актінің жобасында көзделген шаралардың салаға әсерін бағалау және өзге де ақпарат көрсетіледі.

  Еуразиялық экомикалық
одақ шеңберіндегі
өнеркәсіптік ынтымақтастықтың
2030 жылға дейінгі
негізгі бағыттарына
№ 4 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіп пен кооперациялық ынтымақтастықты дамыту индикаторларының ТІЗБЕСІ

I. Өнеркәсіптік өндірістің өсуі мен құрылымының көрсеткіштері

      1. Өнеркәсіп өндірісінің тұтастай және өңдеу өнеркәсібінің жекелеп алғанда өсу қарқыны салыстырмалы бағамен.

      2. Есепті кезеңде өнеркәсіп тауарлары тұтастай және жекелеп алғандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше - Одақ, мүше мемлекеттер) өңдеу өнеркәсібі тауарларын өндіру көлемі

      3. Жалпы қосылған құн бойынша өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі

      4. Мүше мемлекеттердің жалпы ішкі өніміндегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосылған құнының үлесі

      5. Жоғары технологиялық деңгейдегі экономикалық қызмет түрлерінің өңдеу өнеркәсібі тауарларын өндіру көлеміндегі үлесі

      6. Мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны әлемдік өңдеу өнеркәсібінің серпінімен салыстырғанда салыстырмалы бағамен

      7. Негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны өткен жылғыға қарағанда салыстырмалы бағамен

      8. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялардың ЖІӨ-ге қатынасы

ІІ. Мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібі жұмысының тиімділік индикаторлары

      1. Мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы қосылған құн бойынша еңбек өнімділігін өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің әлемдік деңгейімен салыстырғанда

      2. Жалпы өнеркәсіпте және өңдеу өнеркәсібінде жалпы қосылған құн бойынша еңбек өнімділігінің өсу қарқыны тұтастай және еңбек өнімділігінде жекелеп алғанда

      3. Бір орташа қызметкерге келетін үлестік инвестициялар

ІІІ. Одақ шеңберінде өнеркәсіптік тауарлар нарығының әлеуетін пайдалану индикаторлары

      1. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіп тауарлары нарығындағы өңдеу өнеркәсібі тауарлары үлесінің өзгеруі (көрсеткіш тұтастай алғанда өңдеу өнеркәсібі бойынша және жекелеген қызмет түрлері бөлінісінде есептеледі)

      2. Есепті кезеңде мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібі өндірген тауарларының құнындағы импорттың (аралық тұтыну) үлесі

ІV. Сыртқы сауда индикаторлары

      1. Мүше мемлекеттердің өңдеуші өнеркәсіп тауарлары үшінші елдерге экспортының көлемі мен өсу қарқыны

      2. Өңдеу өнеркәсібі тауарлары үшінші елдерге экспортының мүше мемлекеттердегі өнеркәсіп тауарлары өндірісінің көлеміне қатынасы

      3. Жоғары технологиялық деңгейдегі экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлардың мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібі тауарларының үшінші елдерге экспортындағы үлесі

      4. Мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібі тауарларының үшінші елдерге экспортының әлемдік экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі

V. Кооперациялық ынтымақтастық индикаторлары

      1. Мүше мемлекеттер арасындағы кооперациялық жеткізілімдердің көлемі мен өсу қарқыны

      2. Үшінші елдермен сауда шеңберіндегі кооперациялық жеткізілімдердің көлемі мен өсу қарқыны

      3. Мүше мемлекеттер арасындағы кооперациялық жеткізілімдер көлемінің мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік өндіріс көлеміне қатынасы ретінде айқындалған мүше мемлекеттер өнеркәсібінің өндірістік кооперациясының индексі

      4. Одақ шеңберінде жинақталған өзара тікелей инвестициялардың көлемі

      5. Үшінші елдермен сауда шеңберіндегі кооперациялық жеткізілімдер көлемінің мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік өндіріс көлеміне қатынасы ретінде айқындалған жаһандық әлемдік тізбектерге тартылу индексі

  Еуразиялық экомикалық
одақ шеңберіндегі
өнеркәсіптік ынтымақтастықтың
2030 жылға дейінгі
негізгі бағыттарына
№ 5 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттарын іске асыруды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы

Орындаушы

Орындау мерзімі

Іске асыру нысаны

I бағыт. Еуразиялық экономикалық одақ нарығының әлеуетін пайдалану

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендерінің кооперациялық байланыстарын дамыту және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінде өндірістік тізбектерді қалыптастыру

1.1.1. Өнеркәсіп саласында салалық шолуларды дайындау

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі-Комиссия), Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше - мүше мемлекеттер, Одақ

жыл сайын

ақпараттық-аналитикалық шолу

1.1.2. Өнеркәсіп саласындағы салалық шолулар негізінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

Комиссияның ұсынымдары (қажеттілігіне қарай)

1.1.3. Мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік қуаттарға шолуды дайындау

Комиссия

жыл сайын

мүше мемлекеттермен келісілген шолу, Комиссия Алқасының хаттамалық жазбасы

1.1.4. Өнеркәсіптік тауарлардың өзара және сыртқы саудасының және мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығының көрсеткіштерін қоса алғанда, мүше мемлекеттер өнеркәсібінің жай-күйі мен даму үрдістері туралы дайджест дайындау

Комиссия, мүше мемлекеттер

тоқсан сайын

Одақтың ресми сайтындағы өнеркәсіп порталында орналастырылған дайджест

1.1.5. Кооперациялық ынтымақтастық үшін әлеуеті бар өндірістік қуаттарды есепке алуды қоса алғанда, Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік тауарлар нарығының мониторингі

Комиссия, мүше мемлекеттер

жыл сайын

Комиссия Алқасының отырысында баяндама

1.1.6. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттарын іске асыру мониторингі (бұдан әрі-Негізгі бағыттар)

Комиссия, мүше мемлекеттер

жыл сайын

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында баяндама

1.1.7. Өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері бойынша мүше мемлекеттердің сұранысы мен ұсынысының жиынтық болжамды теңгерімдерін қалыптастыру

Комиссия, мүше мемлекеттер

жыл сайын

өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарауға арналған ақпарат

1.1.8. Мүше мемлекеттердің жүйе құраушы кәсіпорындарының мониторингі

Комиссия, мүше мемлекеттер

2 жылда 1 рет

негізгі бағыттарды іске асыру мониторингі туралы баяндамадағы талдамалық ақпарат (бөлім)

1.1.9. "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының қызметіне қатысу

Комиссия

қажеттілігіне қарай

Негізгі бағыттарды іске асыру мониторингі туралы баяндамадағы ақпарат

1.2. Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым сезімтал тауарларға қатысты мүше мемлекеттерді ұлттық өнеркәсіптік саясаттар туралы өзара хабардар ету тетігін іске асыру (№3 қосымшаға сәйкес тәртіпке сәйкес № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша)

1.2.1. Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін басым сезімтал тауарларға қатысты әзірленетін ұлттық өнеркәсіптік саясаттар туралы ақпарат дайындау

мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

Комиссияға ақпарат (хабарламалар)

1.2.2. Өнеркәсіп порталында одақтың ресми сайтында сезімтал тауарларға қатысты мүше мемлекеттер қабылдаған (әзірлеген) нормативтік құқықтық актілердің (актілер жобаларының) тізілімін жүргізу

Комиссия

тұрақты түрде

Одақтың ресми сайтындағы өнеркәсіп порталында тізілімді жүргізу

1.2.3. Сезімтал тауарларға қатысты мүше мемлекеттер қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің мониторингі және талдануы

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

Одақтың ресми сайтындағы өнеркәсіп порталындағы тізілімдегі ақпарат

1.2.4. Мүше мемлекеттердің өзара ұстанымдарын есепке алу үшін сезімтал тауарларға қатысты өнеркәсіптік саясат шараларын қабылдағанға дейін мүше мемлекеттердің консультацияларын ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай)

Комиссия, мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай

кеңестердің хаттамалары

1.2.5. Мүше мемлекеттердің Одақ органдарының сезімтал тауарларға қатысты актілерін орындауы туралы есепті дайындау

Комиссия

тоқсан сайын
жыл сайын

мүше мемлекеттерге жіберу үшін есеп
өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысындағы есеп

1.3. Мүше мемлекеттердің аумақтарында олар үшін басым бағыттарда бірлескен өндірісті дамыту және жергіліктілендіру

1.3.1. Одақтың индустрияландыру картасын жүргізу

Комиссия

тұрақты түрде

Одақтың ресми сайтындағы өнеркәсіп порталында ақпараттық ресурсты сүйемелдеу

1.3.2. Одақтың индустрияландыру картасының жобалары бойынша өзекті ақпаратты ұсыну

мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

мүше мемлекеттердің Комиссияға хабарламалары

1.3.3. Кооперациялық өндірістік тізбектерді құруға жәрдемдесуге және бірлескен өндірістер құруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай

Одақ шеңберінде өнеркәсіптің басым және жоғары технологиялық салаларындағы кооперация және импортты алмастыру жөніндегі Комиссияның отырысында қарау үшін ұсыныстар

1.3.4. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидалары шеңберінде оны орындау кезінде тауар мүше мемлекеттен шыққан деп есептелетін шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды айқындау орынды болатын тауарлардың тізбесін қалыптастыруға қатысу

Комиссия, мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай

негізгі бағыттарды іске асыру мониторингі туралы баяндамадағы ақпарат

1.4. Өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруды қолдау тетіктерін дамыту

1.4.1. Мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету тетігін пайдалану барысы туралы ақпарат дайындау

Комиссия

жарты жылда 1 рет

Комиссия Кеңесінің отырысында баяндама

1.4.2. Өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау құралдарын жетілдіру

Комиссия, мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай

Одақ органдарының актілеріне өзгерістер енгізу (қажеттілігіне қарай)

1.4.3. Өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды өзара тиімді негізде қаржыландыру мәселелерінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қаржы ұйымдарының және мүше мемлекеттердің даму институттарының хабардар болуын арттыру

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

Одақтың ресми сайтында "сервистер" бөлімінде өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру бойынша ақпараттық баннер мен тақырыптық блокты орналастыру, блоктағы материалдарды өзектендіру, қажеттілігіне қарай
Одақ сайтында және Комиссия беттерінде өнеркәсіп және Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру тетігін пайдалану барысы туралы өзекті түсініктемелері бар бейнероликтерді әлеуметтік желілерде орналастыру;
өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру тетігін іске асыру мәселелері бойынша мүше мемлекеттермен сараптамалық кеңестер мен консультациялар өткізу;
тақырыптық іс-шараларға қатысу (көрмелер, форумдар, конгрестер және т. б.)

1.5. Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға және алып қоюлар мен шектеулерді барынша қысқартуға қатысты мәселелерді пысықтау

1.5.1. Салалық жұмыс топтарының қызметі және жүйе құраушы кәсіпорындардың мониторингі шеңберінде Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді анықтау

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

Негізгі бағыттарды іске асыру мониторингі туралы баяндамаға енгізу үшін ақпараттық-талдамалық материалдар

1.5.2. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қауымдастықтардың өтініштерін уәкілетті:және мүше мемлекеттердің органдарымен бірлесіп қарау

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

консультациялардың хаттамалық жазбасы (қажеттілігіне қарай)

1.5.3. Одақ органдарының қарауы үшін кедергілерді жою және шектеулер мен алып қоюларды барынша қысқарту, сондай-ақ өндірістік кооперация үшін жағдайлар қалыптастыру жөніндегі жұмыс шеңберінде ұсыныстар әзірлеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай

Негізгі бағыттарды іске асыру мониторингі туралы баяндамадағы ақпарат

1.6. Мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік кооперацияға тартуға жәрдемдесу

1.6.1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнеркәсіптік кооперацияға қатысуы дәрежесін бағалауды жүргізу

Комиссия, мүше мемлекеттер

2026 жыл

Комиссия Алқасының отырысында ақпараттық баяндама

1.6.2. Әлемнің үздік практикалары негізінде үшінші елдердегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары туралы ақпарат дайындау

Комиссия, мүше мемлекеттер

2027 жыл

Комиссия Алқасының отырысында ақпараттық баяндама

1.6,3. Мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік кооперацияға тартуға жәрдемдесу

Комиссия, мүше мемлекеттер

2028 жыл

Одақтың ресми сайтында орналастыруға арналған ақпарат

ІІ бағыт. Өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты дамыту
2.1. Одақ шеңберіндегі технологиялық болжау

2.1.1. Әлемде және Одақ шеңберінде технологиялардың, инновациялық тауарлар нарығының даму үрдістерін зерделеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарауға арналған талдамалық шолулар

2.1.2. Одақ шеңберінде технологиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау

Комиссия, мүше мемлекеттер

қажеттілігіне қарай

Комиссия Алқасының ұсынымдары (қажеттілігіне қарай)

2.1.3. Өңдеу өнеркәсібі үшін сұранысқа ие технологиялық жабдықтарды әзірлеу және өндіру, сондай-ақ өнеркәсіптік өндірістің технологиялық процестеріне цифрлық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарауға арналған ұсыныстар

2.1.4. Одақтың ресми сайтындағы өнеркәсіп порталында тізбелерді жариялау арқылы уәкілетті органдардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ғылыми ұйымдардың өзара іс қимылын ақпараттық қамтамасыз ету:

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

Одақтың ресми сайтындағы өнеркәсіп порталында орналастырылған ақпарат

мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу ұйымдары;
жүргізу фактісі мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмайтын өнеркәсіп саласында аяқталған, жүргізілетін және жоспарланатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар;
мүше мемлекеттердің технологиялық компаниялары (стартаптары);
мүше мемлекеттердегі ғылыми жабдықтар мен бірегей ғылыми қондырғыларды ұжымдық пайдалану орталықтары;
мүше мемлекеттердің инжинирингтік орталықтары




2.1.5. Әлемдік үрдістерге шолу дайындау және үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды қолдау шараларының тәсілдері бойынша ұсыныстар әзірлеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

2026 жыл

Комиссия Алқасының отырысында баяндама

2.2. "Жасыл" технологиялар саласындағы ынтымақтастық және өнеркәсіптік өндірістердің экологиялылығын арттыру

2.2.1. Ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған жаңа өндірістік процестер мен технологияларды әзірлеу және оларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындау

Комиссия, мүше мемлекеттер

2026 жыл (бұдан әрі – қажеттілігіне қарай)

өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында баяндама

2.2.2. Табиғи ресурстарды пайдалану (іздестіру, барлау жұмыстарын жүргізу және өндіру, оның ішінде шикізатты бастапқы өңдеу (өңдеу) процесінде)саласында технологияларды, техника мен жабдықтарды қолдану жөніндегі үшінші елдердің халықаралық тәжірибесін талдау

Комиссия, мүше мемлекеттер

2027 жыл

мүше мемлекеттерге жіберуге арналған баяндама

2.2.3. Іздестіру, барлау жұмыстарын жүргізу және өндіру кезінде, оның ішінде шикізатты бастапқы қайта өңдеу (өңдеу) процесінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында озық технологияларды, техника мен жабдықтарды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

2028 жыл

өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің хаттамалық жазбасы

2.2.4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу

мүше мемлекеттер, Комиссия

тұрақты түрде

бірлескен іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, конференциялар, көрмелер) ұйымдастыру және оларға қатысу

2.2.5. Бағалы ресурстарды пайдалану кезінде шығындарды азайту мақсатында қайталама шикізатты шаруашылық айналымына тарту мәселесін зерделеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

2028 жыл

мүше мемлекеттерге жіберу үшін шолу

2.2.6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу және пайдалану саласын технологиямен, техникамен және жабдықпен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

2028 жыл

өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің хаттамалық жазбасы

2.3. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы өзара іс-қимыл

2.3.1. Еуразиялық технологиялық платформалар шеңберінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру және олардың жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде


2.3.2. Еуразиялық технологиялық платформалардың қызметіне мониторинг жүргізу

Комиссия, мүше мемлекеттер, Еуразиялық технологиялық платформалар, бизнес-қоғамдастық өкілдері, ғылыми және өндірістік ұйымдар (келісім бойынша)

2 жылда 1 рет

Комиссия Алқасының отырысында баяндама (қажеттілігіне қарай)

2.3.3. Технологиялық дамудың өзекті бағыттары бойынша еуразиялық технологиялық платформаларға мүше мемлекеттердің жетекші өнеркәсіптік, ғылыми ұйымдарының және қатысушыларының бастамаларын ескере отырып ұсыныстар қалыптастыру

Комиссия, мүше мемлекеттер, еуразиялық технологиялық платформалар (келісім бойынша)

тұрақты түрде

өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында қарауға арналған ақпарат (қажеттілігіне қарай)

2.3.4. Еуразиялық технологиялық платформаларға қатысушылардың мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар бойынша бастамаларды пысықтауы

Комиссия, мүше мемлекеттер, еуразиялық технологиялық платформалар (келісім бойынша)

тұрақты түрде

мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу туралы бастамашылық ұсыныстар (қажеттілігіне қарай)

2.3.5. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің еуразиялық технологиялық платформалар базасында еуразиялық құзыреттер орталықтарын қалыптастыруы үшін жағдайлар жасау

Комиссия, мүше мемлекеттер, еуразиялық технологиялық платформалар (келісім бойынша)

қажеттілігіне қарай

Комиссия Алқасының ұсынымы (қажеттілігіне қарай)

2.4. Өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы саласындағы өзара іс қимыл және интеграцияланған ақпараттық жүйенің мүмкіндіктерін пайдалану

2.4.1. Одақтың ресми сайтында өнеркәсіп порталын құру

Комиссия

2025 жыл

Одақтың ресми сайтындағы өнеркәсіп порталындағы ақпараттық ресурс

2.4.2. Өнеркәсіптік өндірістің технологиялық процестеріне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылға жәрдемдесу

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде (қажеттілігіне қарай)

форумдарға, көрмелерге, басқа да іс-шараларға қатысу

2.4.3. Техникалық және құқықтық шешімдерді ескере отырып, өнеркәсіп саласында жасанды интеллектті енгізудің әлемдік тәжірибелерін зерделеу

Комиссия, мүше мемлекеттер

2027 жыл

Комиссия Алқасының отырысында баяндама

ІІІ бағыт. Экспорттық нарықтардағы ынтымақтастықты дамыту
3.1. Халықаралық қызметтің негізгі бағыттарын ескере отырып, үшінші елдермен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау

3.1.1. Өнеркәсіп саласындағы халықаралық ұйымдармен және халықаралық интеграциялық бірлестіктермен диалогты жүзеге асыру

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

халықаралық ұйымдар мен халықаралық интеграциялық бірлестіктердің өкілдерімен келіссөздер алаңдарында ұйымдастыру және (немесе) қатысу және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын халықаралық қызмет туралы есепке енгізу үшін ақпарат

3.1.2. Тәжірибе алмасу және өнеркәсіп саласындағы халықаралық кооперациялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үшінші елдермен ынтымақтастықты дамыту

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) қатысу және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын халықаралық қызмет туралы есепке енгізу үшін ақпарат

3.2. Мүше мемлекеттердің бірлесіп өндірілген өнеркәсіптік өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл

3.2.1. Мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өнім экспортының көлемін ұлғайту, оның географиясын кеңейту және халықаралық нарықтағы позициясын нығайту үшін практикалық құралдарды пайдалануы бойынша тәжірибе алмасу

Комиссия, мүше мемлекеттер

тұрақты түрде

бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу

3.2.2. Бірлесіп өндірілген өнімнің экспортын қолдаудың үздік әлемдік тәжірибелерін талдау

Комиссия

2 жылда 1 рет

Комиссия Алқасының отырысында баяндама

3.2.3. Одақтың ресми сайтында мүше мемлекеттердің үшінші елдердің нарықтарына өнім экспортын қаржылай емес қолдау шараларын қолдану шеңберінде үшінші елдерде көрме-жәрмеңке іс-шараларын өткізу туралы ақпаратты орналастыру

Комиссия

тұрақты түрде

мүше мемлекеттерге жіберілетін және Одақтың ресми сайтында орналастырылатын ақпарат

3.2.4. Мүше мемлекеттердің өнімдерін бірлесіп экспорттау үшін перспективалы нарықтар мен өнеркәсіп салаларын талдау және мүше мемлекеттер үшін қажеттілігіне қарай тиісті ұсынымдар әзірлеу

Комиссия

жыл сайын

Комиссия Алқасының отырысында баяндама


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады