Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, оларға қатысты сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификатты пайдалануға жол берілетін тауарлардың тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 1 шешімі.

      2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелу мен айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 16-бабының 1-тармағының негізінде Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, оларға қатысты сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты пайдалануға жол берілетін тауарлар тізбесі (Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешіміне тіркелген № 1-қосымша), ЕАЭО СЭҚ ТН 0404 90 890 0 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "0702 00 000       Жас және салқындатылған қызанақтар".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады