2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелу мен айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 16-бабының 1-тармағының негізінде Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, оларға қатысты сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты пайдалануға жол берілетін тауарлар тізбесі (Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешіміне тіркелген № 1-қосымша), ЕАЭО СЭҚ ТН 0404 90 890 0 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"0702 00 000 Жас және салқындатылған қызанақтар".
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |