Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ оларға қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі сублимациялық басып шығаруға арналған сияға қатысты қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 18 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссиясы туралы ереженің 16-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 4- тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан № 1 қосымшаға сәйкес қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына № 2 қосымшаға сәйкес позициялар енгізілсін;

      в) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 87С ескертпемен толықтырылсын:

      "87С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 18 шешімі күшіне енген күннен бастап 28.02.2026 дейін қолданылады.".

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 3215 90 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"3215 90 000 1

– – жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіруге арналған сублимациялық (бытырағыш) басып шығаруға арналған сұйық сия5)

"3215 90 000 9

– – өзгелері".

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян И. Петришенко С. Жұманғарин А. Касымалиев А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы кеңесінің
2024 жылғы 1 наурыздағы
шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан алынып тасталатын СУБПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Қос. өлш. бірл.

3215 90 000 0

– өзгелері

-

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы кеңесінің
2024 жылғы 1 наурыздағы
шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Қос. өлш. бірл.

3215 90 000

– өзгелері:


3215 90 000 1

– – жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіруге арналған сублимациялық (бытырағыш) басып шығаруға арналған сұйық сия5)

л

3215 90 000 9

– – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы кеңесінің
2024 жылғы 1 наурыздағы
шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не еурода, не АҚШ долларында)

3215 90 000 1

– – жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіруге арналған сублимациялық (бытырағыш) басып шығаруға арналған сұйық сия5)

587С)

3215 90 000 9

– – өзгелері

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады