Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссиясы туралы ереженің 16-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 4- тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан № 1 қосымшаға сәйкес қосалқы позиция алып тасталсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына № 2 қосымшаға сәйкес позициялар енгізілсін;
в) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 87С ескертпемен толықтырылсын:
"87С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 18 шешімі күшіне енген күннен бастап 28.02.2026 дейін қолданылады.".
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 3215 90 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"3215 90 000 1 | – – жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіруге арналған сублимациялық (бытырағыш) басып шығаруға арналған сұйық сия5) |
"3215 90 000 9 | – – өзгелері". |
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |
|---|
| Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан алынып тасталатын СУБПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Қос. өлш. бірл. |
3215 90 000 0 | – өзгелері | - |
| Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Қос. өлш. бірл. |
3215 90 000 | – өзгелері: | |
3215 90 000 1 | – – жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіруге арналған сублимациялық (бытырағыш) басып шығаруға арналған сұйық сия5) | л |
3215 90 000 9 | – – өзгелері | – |
| Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не еурода, не АҚШ долларында) |
3215 90 000 1 | – – жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіруге арналған сублимациялық (бытырағыш) басып шығаруға арналған сұйық сия5) | 587С) |
3215 90 000 9 | – – өзгелері | 5 |