Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекше субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті түрде келісу тәртібі туралы келісімнің 11-бабының 2-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2017 жылғы 26 мамырдағы ерекше субсидиялар беруіне байланысты талқылаулар жүргізуіне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 14 "Ерекше көмекқаржыларға қолжетімділіктің жекелеген өлшемшарттарын қолдану шарттарының тізбесі туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 3-тармақтағы "2024 жылғы 21 мамырға дейін" деген сөздер "2025 жылғы 21 мамырға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген ерекше көмекқаржыларға қолжетімділіктің жекелеген өлшемшарттарын қолдану шарттарының тізбесінің 5-тармағының бірінші абзацындағы "40 пайыз" деген сөздер "50 пайыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2024 жылғы 22 мамырдан ерте емес күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |
|---|