2017 жылғы 26 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 11-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қоса беріліп отырған Өзіндік ерекшелікті субсидиялар берудің жекелеген критерийлерін қолдану шарттарының тізбесі бекітілсін.
2. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 8-тармақшасында көрсетілген кәсіпорындар жұмыскерлерінің өзіндік ерекшелік ұсынылған жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы орташа тізімдік саны 250 адамнан аспауға тиіс деп белгіленсін.
3. Осы Шешіммен бекітілген тізбенің 5-тармағының ережелері осы Шешім күшіне енген күннен бастап 1 жыл бойы қолданылады деп белгіленсін. Осы кезең аяқталғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия бұл ережелерді осы қалпында не өзгертілген түрде қолдануды ұзарту қажеттігін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп айқындайды.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Ж. Разаков | А. Силуанов |
|---|
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 14 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Өзіндік ерекшелікті субсидияларды берудің жекелеген критерийлерін қолдану шарттарының ТІЗБЕСІ
1. 2017 жылғы 26 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 11-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий 1 алушы (кәсіпорын) маңыздылығы төмен өзіндік ерекшелікті субсидияны жылына 2 реттен жиілетпей алуы шартымен қолданылады.
2. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий өнімді өндірудің жеткіліксіз мөлшері деп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) өндірілген тауар үлесі Одақ нарығындағы тұтыну көлемінің 10 процентінен төмен болатын жағдайды түсіну шартымен қолданылады.
Көрсетілген деңгей өзіндік ерекшелікті субсидияның қолданылу мерзімі басталған күннің алдындағы 3 жылға алынған статистикалық деректердің негізінде есептеледі. Беру жоспарланып отырған субсидияны келіскен жағдайда аталған деңгей келісу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 3 жылда алынған статистикалық деректердің негізінде есептеледі.
Аталған критерий 2 және одан да көп мүше мемлекеттердің бірлескен жобасына қатысқан жағдайда қолданылады.
3. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий субсидияның мөлшері субсидияның қолданылу мерзімі басталған күннің алдындағы 3 жылдағы кәсіпорынның ең көп жылдық табысының 5 процентінен аспауы шартымен қолданылады. Беру жоспарланып отырған субсидияны келіскен жағдайда аталған деңгей келісу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 3 жылда алынған статистикалық деректердің негізінде есептеледі.
4. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий субсидияның мөлшері субсидияның қолданылу мерзімі басталған күннің алдындағы 3 жылдағы кәсіпорынның ең көп жылдық табысының 5 процентінен аспауы тиіс және мұндай кәсіпорынның келісу туралы өтініш берілген күннің алдындағы бір жылдың ішінде Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген критерийге сәйкес келетін өзіндік ерекшелікті субсидияны алу фактісінің болмауы шартымен қолданылады. Беру жоспарланып отырған субсидияны келіскен жағдайда аталған деңгей келісу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 3 жылда алынған статистикалық деректердің негізінде есептеледі.
5. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 6-тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий өнімді өндірудің жеткіліксіз мөлшері деп мүше мемлекеттерде өндірілген тауар үлесі Одақ нарығындағы тұтыну көлемінің 40 процентінен төменді құрайтын жағдайды түсіну шартымен қолданылады.
Одақ нарығындағы тауар үлесінің жыл сайынғы мәні өзіндік ерекшелікті субсидияның қолданылу мерзімі басталған күннің алдындағы 3 жылда алынған статистикалық деректердің негізінде есептеледі және осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген деңгейден аспауы тиіс. Беру жоспарланып отырған субсидияны келіскен жағдайда үлестің аталған мәні келісу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 3 жылда алынған статистикалық деректердің негізінде есептеледі.
Тұтыну көлемі экспорт көлемін шегеріп, өндіріс пен импорттың жиынтық көлемі ретінде есептеледі.
6. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 7-тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий төлемге құқық дүлей зілзала немесе басқа төтенше жағдай фактісін мүше мемлекеттің билік органы (мүше мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігінің билік орган) таныған жағдайда туындауы шартымен қолданылады.
7. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 8-тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий өзіндік ерекшелікті субсидия кәсіпорындарға үшінші елдерде өткізілетін сауда жәрмеңкелеріне қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер құнының жартысына дейін төлеуге көмек көрсетуге бағытталуы шартымен кәсіпорындар жұмыскерлерінің орташа тізімдік санын шектеусіз қолданылады.
8. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 10-тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий тұрақсыз және дағдарысты қаржылық жағдай кәсіпорында өтініш берген күннің алдындағы жылдың ішінде тоқсан сайын болуы шартымен қолданылады.
Тұрақсыз және дағдарысты қаржылық жағдайдағы кәсіпорынға бөлінетін субсидияның көлемі қайта құрылымданатын берешек көлемінің 75 процентінен аспайтын болуы тиіс.
9. Келісімнің 11-бабының 1-тармағының 11-тармақшасында көрсетілген өзіндік ерекшелікті субсидияны беруге болатын критерий бастапқы қалыптасу кезеңі заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап 24 айға тең және оның өндірісті бастаған күнінен бастап 24 айдан аспайтын мерзімді құрауы шартымен қолданылады.
