Еуразиялық экономикалық одақтың титан тотықтарына қатысты бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 кодымен жіктелетін титан тотықтарына қатысты бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін осы шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші бағандағы ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 коды бар позиция "91С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 91С ескертпемен толықтырылсын:

      "91С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14 шешімі күшіне енген күннен бастап 28.02.2026 жылға дейін қолданылады.".

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян И. Петришенко С. Жұманғарин А. Касымалиев А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады