Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 кодымен жіктелетін титан тотықтарына қатысты бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін осы шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) төртінші бағандағы ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 коды бар позиция "91С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 91С ескертпемен толықтырылсын:
"91С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14 шешімі күшіне енген күннен бастап 28.02.2026 жылға дейін қолданылады.".
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |
|---|