2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 3907 30 000 1 және 3909 50 900 1 кодтарымен жіктелетін оптикалық талшықтарды өндіру үшін бастапқы нысандардағы эпоксидті және полиуретанды шайырлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3907 30 000 1 және 3909 50 900 1 кодтары бар позицияларда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге "84С)" сілтемесі "94С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
84С ескерту күші жойылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 94С ескертумен толықтырылсын:
"94С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 01.03.2024 бастап 28.02.2026 қоса алғанда қолданылады.".
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |
|---|
