Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2022 жылғы 1 ақпандағы № 18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 154 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ереженің 3-тармағына (көрсетілген шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2-қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2022 жылғы 1 ақпандағы № 18 "Азаматтық қорғанысқа және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің өтпелі ережелері туралы" (ЕАЭО ТП 050/2021) шешімінің 1-тармағының "а" - "в" тармақшаларында" "2025 жылғы 1 қаңтар" деген сөздер "2026 жылғы 1 маусым" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады