Еуразиялық экономикалық одақ Соты алқасының 2024 жылғы 29 қазандағы шешімін орындау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 152 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Соты алқасының 2024 жылғы 29 қазандағы "Белйодобром" сауда жекеменшік унитарлық кәсіпорны мен "Белфармаком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен дауласу туралы іс бойынша, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 61 "Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу белгілерінің болуы туралы" шешімін орындау мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 44-тармағымен, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. "Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың болуы туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 61 шешімінің 1-тармағының "а" және "б" тармақшаларының, 3-5-тармақтарының күші жойылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 77/анқ ұйғарымымен қозғалған Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істі қарау қайта басталсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады