2023 жылғы 25 желтоқсандағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы Келісімнің күшіне енуі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының екінші абзацына және 2018 жылғы 14 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімнің 11-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. 2023 жылғы 25 желтоқсандағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы Келісім (бұдан әрі – Келісім) жасалған күнінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ үшін міндетті деп танылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы шешім күшіне енген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей Иран Ислам Республикасының атына Келісімнің 11.2-бабында көзделген хабарламаны жолдасын.

      3. Осы шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Келісімінің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады