Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру барысы туралы ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы" № 23 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 шешіміне ҚОСЫМША |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 23 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Осы аталған шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасының 3-тармағының 2-тармақшасында және 9-тармағының 3-тармақшасында "2025 жылғы 1 қаңтар" деген сөздер "2027 жылғы 1 қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы аталған шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарында:
а) 1-тармақтың екінші бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2026 жыл (Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қоюдан ерте емес)" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 2-тармақтың екінші бағанда "2021 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 7-тармақтың екінші бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2026 жыл (Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қоюдан ерте емес)" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 8-тармақта:
бірінші бағанда "Қабылдау" сөзі "Қол қою" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) 10-тармақтың екінші бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2026 жыл (Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қоюдан ерте емес) деген сөздермен ауыстырылсын".
