Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелерін тағайындау туралы

Қатені түзеу

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 9 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Ресей Федерациясының ұсынымы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Мыналар:

      Сергей Юрьевич Глазьевті тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Алишеров Эльдар Туралиевич тағайындалсын;

      Алишеров Эльдар Туралиевичті тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Ресей Федерациясынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Давыдов Руслан Валентинович тағайындалсын.

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 14 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      дербес құрамға Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Алишеров Эльдар Туралиевич енгізіліп, дербес құрамнан Глазьев Сергей Юрьевич шығарылсын;

      дербес құрамға Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Давыдов Руслан Валентинович енгізіліп, дербес құрамнан Алишеров Эльдар Туралиевич шығарылсын.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады