Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жеке құрамы мен мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 40-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген №1 қосымша) сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшелері ретінде мына тұлғалар бекітілсін:

      Глазьев                        - Интеграция және макроэкономика
      Сергей Юрьевич                  жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
     
      Сұлтанов                        - Экономика және қаржылық саясат
      Бақыт Тұрлыханұлы                  жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
     
      Барсегян                        - Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
      Гоар Ашотовна                  жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
     
      Слепнев Андрей                  - Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
      Александрович
     
      Татарицкий Валентин            - Техникалық реттеу жөніндегі Алқа
      Болеславович                        мүшесі (Министр)
     
      Алишеров Эльдар                   - Кедендік ынтымақтастық жөніндегі
      Туралиевич                        Алқа мүшесі (Министр)
     
      Кожошев Арзыбек                  - Энергетика және инфроқұрылым
      Орозбекович                        жөніндегі Алқа мүшесі
     
      Ермолович Максим                  - Бәсекелестік пен монополияға қарсы
      Леонидович                        реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
     
      Симонян                         - Ішкі нарықтар, ақпараттандыру,
      Варос Арутюнович                  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
                                    жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшелері арасында қоса беріліп отырған міндеттерді бөлу бекітілсін.

      3. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 14 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшелері арасында міндеттерді бөлу

      Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

      Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының (бұдан әрі -Комиссия) қызметін ұйымдастырады және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне сәйкес өзіне жүктелген қызметтердің орындалуына жауапты болады.

      Комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссия қызметтерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) интеграциялық саясат;

      2) макроэкономикалық саясат;

      3) Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату.

      Комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссия қызметтерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары;

      2) қаржы нарықтары;

      3) салықтар және салық салу;

      4) валюталық саясат;

      5) кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу;

      6) зияткерлік меншік;

      7) еңбек миграциясы;

      8) қызметтер және инвестициялар.

      Комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссия қызметтерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) өнеркәсіп;

      2) агроөнеркәсіптік кешен;

      3) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы субсидиялары.

      Комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салалардағы Комиссия қызметтерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) сыртқы сауда саясаты;

      2) кедендік-тарифтік және бейтарифтік реттеу;

      3) ішкі нарықты қорғау шаралары;

      4) үшінші елдерге қатысты сауда тәртіптемесін белгілеу;

      5) тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау.

      Комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салалардағы Комиссия қызметтерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) техникалық реттеу;

      2) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар;

      3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

      4) өлшеулердің біркелкілігін камтамасыз ету саласындағы саясат;

      5) емдік дәрі-дәрмектердің және медициналық бұйымдардың айналымы.

      Комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салалардағы Комиссия қызметтерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) кедендік реттеу;

      2) кедендік әкімшілендіру.

      Комиссияның Энергетика және инфроқұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салалардағы Комиссия қызметтерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) энергетикалық саясат;

      2) табиғи монополиялар;

      3) көлік және тасымалдаулар.

      Комиссияның Бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салалардағы Комиссия қызметтерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) бәсекелестік саясат;

      2) мемлекеттік және муниципалдық сатып алулар.

      Комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салалардағы Комиссия функцияларының іске асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара әрекеттестік;

      2) ішкі нарықтардың кедергілерсіз, алып коюсыз және шектеулерсіз жұмыс істеуі.

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық комиссия
кеңесінің 2023 жылғы
25 желтоқсандағы
№ 14 шешіміне
ҚОСЫМША

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің күші жойылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 29 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жеке құрамы мен мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлу туралы" шешімінің 1 және 2-тармақтары.

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 2 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      3. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 8 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      5. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 2 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      6. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 5 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      7. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 6 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      8. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 14 қазандағы № 12 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      9. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 3 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      10. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 5 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      11. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 6 қазандағы № 14 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

      12. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 2 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесін тағайындау туралы" шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады