Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 24 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 142-тармақ мынадай мазмұндағы 23-тармақшамен толықтырылсын:

      "23) Одақтың кедендік аумағында шұғыл фитосанитариялық шараны енгізу туралы Комиссия кеңесі шешімдерінің жобалары.";

      б) көрсетілген Регламентке тіркелген № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 52 және 52-тармақтармен толықтырылсын:

      "52\ Шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізу мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту.

      52. Одақтың кедендік аумағында шұғыл фитосанитариялық шараны енгізу туралы шешім қабылдау.".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап, бірақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2023 жылғы 25 мамырда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнінен ерте емес күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады