Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асырудың жыл сайынғы мониторингі мен талдауының нәтижелері туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 21 қазандағы № 27 Өкімі

      Тиімді және өзара тиімді өнеркәсіптік ынтымақтастық негізінде өнеркәсіптік дамудың орнықтылығын арттыру, сондай-ақ трансшекаралық кедергілерді төмендету үшін жағдайлар жасау және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өндірістік кооперация үшін жағдайлар қалыптастыру мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асырудың жыл сайынғы мониторингі мен талдауының нәтижелері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасын назарға алсын (ақпараттық материал ретінде қоса беріледі).

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген баяндаманы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырсын.

      3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады