Электрондық навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперимент жүргізу туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 21 қазандағы № 25 Өкімі

      Тауарлардың тасымалын қадағалау, тауарлардың жеткізілуін бақылау, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды осындай қадағалауды Еуразиялық экономикалық одақта енгізуге дайындау үшін ақпараттық жүйені және навигациялық пломбаларды қолдану тетігін сынақтан өткізу мақсатында:

      1.  Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінен және Ресей Федерациясының Үкіметінен:

      Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының өзара саудасында автомобиль және (немесе) теміржол көлігі түрлерімен тауарлар өткізілетін кезде электрондық навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперимент (бұдан әрі – эксперимент) өткізуді ұйымдастыру мәселесін пысықтау;

      экспериментті өткізуді ұйымдастыру;

      Еуразиялық экономикалық комиссияға эксперимент нәтижелері туралы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ақпарат беру сұралсын.

      2.  Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады