Тауарлардың тасымалын қадағалау, тауарлардың жеткізілуін бақылау, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды осындай қадағалауды Еуразиялық экономикалық одақта енгізуге дайындау үшін ақпараттық жүйені және навигациялық пломбаларды қолдану тетігін сынақтан өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінен және Ресей Федерациясының Үкіметінен:
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының өзара саудасында автомобиль және (немесе) теміржол көлігі түрлерімен тауарлар өткізілетін кезде электрондық навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперимент (бұдан әрі – эксперимент) өткізуді ұйымдастыру мәселесін пысықтау;
экспериментті өткізуді ұйымдастыру;
Еуразиялық экономикалық комиссияға эксперимент нәтижелері туралы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ақпарат беру сұралсын.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |