2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар кірістірілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 65С ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"65С) Кедендік құнның 5 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 47 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2025 дейінгі аралықта қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу және жарық сәулелі диодты шамдардың (LED) жекелеген түрлеріне қатысты осындай баж ставкаларының мөлшерлері туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 47 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
8539 50 000 2 | диаметрі 25 мм кем емес тік түтікшелер түріндегі екіжақтылар | дана |
8539 50 000 9 | өзгелері | дана |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 47 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кірістірілетін
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
---- өзгелері:* | ||
8539 50 000 2 | ---- диаметрі 25 мм кем емес тік түтікшелер түріндегі екіжақтылар | дана |
8539 50 000 3 | ---- пластмассадан жасалған сепкіші бар бұрандалы негізді біржақтылар | дана |
8539 50 000 8 | ---- өзгелері | дана |
*ЕАЭО СЭҚ ТН 8539 50 000 1 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция. |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 47 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен) |
8539 50 000 1 | ---- құрамында люминофор бар композитпен жабылған, дәйекті біріктірілген 24-тен кем емес жарықдиодтарды білдіретін жарықдиодты жіптерімен | 065С) |
8539 50 000 2 | ----- диаметрі 25 мм кем емес тік түтікшелер түріндегі екіжақтылар | 065С) |
8539 50 000 3 | ---- пластмассадан жасалған сепкіші бар бұрандалы негізді біржақтылар | 065С) |
8539 50 000 8 | ----- өзгелері | 0 |
