Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты кедендік декларацияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 3 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 260-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімімен бекітілген Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты кедендік декларацияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 12 қаңтардағы
№ 3 шешіміне
ҚОСЫМША

Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты кедендік декларацияларды жасау тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 14-тармақтың "г" тармақшасы "16 жасқа толмаған адамның тауарын" деген сөздерден кейін "оны ертіп жүрген адам, соның ішінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 15-тармақтағы "Тауарлардың" деген сөз "Осы Тәртіптің 14-тармағының "а" – "в" тармақшаларында айқындалған жағдайларда, тауарлардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Мынадай мазмұндағы 151-тармақпен толықтырылсын:

      "151. Осы Тәртіптің 14-тармағының "г" тармақшасында айқындалған жағдайда, тауарлардың тізімдемесі мыналар көрсетіле отырып еркін нысанда жасалады:

      а) 16 жасқа толмаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      б) 16 жасқа толмаған адамның жеке басын куәландыратын құжат (бар болса) туралы осы Тәртіптің 18-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген мәліметтер;

      в) тауардың (тауарлар санатының) атауы және оның (олардың) сипаттамасы (сәйкестендіру нөмірі (бар болса), тауар белгісі, тауар дайындалған материал, түсі және т.б.);

      г) тауардың килограммен және (немесе) қосымша өлшем бірліктерімен (литрмен, данамен) мөлшері (іс жүзінде өткізілетін, тауарды тұтынғанға дейін одан ажыратылмайтын және (немесе) бөлшек саудаға тауармен ұсынылатын бастапқы қаптама ескеріліп);

      д) тауарлардың құны (мүше мемлекеттің валютасымен, евромен немесе АҚШ долларымен);

      е) тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, күні мен нөмірі, сондай-ақ тиісті құжатты берген органның атауы;

      ж) декларанттың, кеден өкілі қызметкерінің немесе № 107 шешімге № 5 қосымшада айқындалған жағдайларда декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).".

      4. 46-тармақ бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың тауарларын кедендік декларациялау кезінде электрондық құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация құрылымының қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларацияның 4-графасына сәйкес келетін деректемелерінде осы Тәртіптің 151-тармағының "а", "в" және "г" тармақшаларында көзделген мәліметтер, сондай-ақ:

      жеке басын куәландыратын құжат туралы осы Тәртіптің 41-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген мәліметтер;

      тауарлардың құны (мүше мемлекеттің валютасымен, евромен немесе АҚШ долларымен) және валюталар сыныптауышына сәйкес валюта коды;

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжат коды және тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып әкелу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттың және (немесе) шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың атауы, күні мен нөмірі, сондай-ақ тиісті құжатты берген органның атауы 16 жасқа толмаған әр жеке тұлға бойынша жеке-жеке көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады