Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырған кезде сезімтал тауарларға қатысты міндеттемелерді орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 65 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 24-тармағының 4-тармақшасына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырған кезде сезімтал тауарларға қатысты міндеттемелерді атқаруына қатысты бөлігінде орындауына мониторингтің нәтижелерін назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін басымдықты болатын сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттарын айқындау кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 8-тармағын, 2017 жылғы 26 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімнің 12-бабының 2-тармағының төртінші абзацын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Сезімтал тауарларға қатысты консультациялар жүргізу және (немесе) сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы өзара ақпарат беру тәртібін (Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына № 3 қосымша) орындауға бағытталған қажетті шараларды қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Шешім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде хабарласын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз
Республикасынан
Ж. Разаков

Ресей
Федерациясынан
А. Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады