Шыңғырлау ауданы әкімінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 4 "Шыңғырлау ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 "Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешімі жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және аудандық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комисияның 2026 жылдың 17 маусымдағы № 2-01-5-2/90 хаттамасына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы әкімінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 4 "Шыңғырлау ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 "Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешімі жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 29 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады