2026 жылға Теректі ауданы бойынша үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 13 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға Теректі ауданы бойынша үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі А. Муханбетжанова

  Теректі аудан әкімдігінің
2026 жылғы "___" _________
№ ___қаулысына қосымша

Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Қызмет түрлері

Лауазым

Бір қызмет алушыға шаққандағы бір күндік қызметтің құны (теңге)

Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер

1

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды үйден тыс бір елді мекен шегінде бірге алып жүру

Әлеуметтік қызметкер

1799,4

2

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тамақ дайындауға көмектесу

Әлеуметтік қызметкер

1799,4

3

Орталықтандырылған жылу және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үй-жайларда тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға пештерді жағуға, отын, көмір және су жеткізуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

899,7

4

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға хат жазу және оқуға көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

449,85

5

Мүгедектігі бар балаларды үйден тыс бір елді мекен шегінде бірге алып жүру

Әлеуметтік қызметкер

1799,4

6

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде)

Әлеуметтік қызметкер

1799,4

7

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ыстық түскі асты, азық-түлік және азық-түлік емес қажетті заттарды сатып алуға және үйге жеткізуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

899,7

8

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу

Кеңесші

154,2

9

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

449,85

10

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға заттарды жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге және оларды кері жеткізу

Әлеуметтік қызметкер

599,8

11

Қызмет алушылардың отбасы мүшелерін жеке қызмет көрсету және санитарлық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларға үйрету

Әлеуметтік қызметкер

899,7

12

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға киім жууға көмектесу

Әлеуметтік қызметкер

449,85

13

Денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі күнделікті рәсімдерді, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ жеу, ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалу, тістерге немесе жаққа күтім жасау, көзілдірік немесе есту аппараттарын пайдалану, тырнақтарын алу, ерлер үшін сақал-мұртын алу сияқты күнделекті тұрмыстық рәсімдерді орындауға кабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету

Әлеуметтік қызметкер

899,7

14

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрғын үй-жайларды жөндеу мен тазалауды ұйымдастыруға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

899,7

Әлеуметтік-медициналық қызметтер

15

Дәрігерді үйге шақыру және қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына алып жүру

Әлеуметтік қызметкер

1799,4

16

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

17

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық-санитарлық қызмет көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық ванналар)

Әлеуметтік қызметкер

299,9

18

Қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

Кеңесші

154,2

19

Қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

20

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге көмек көрсету

Кеңесші

925,2

21

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

899,7

22

Емдік дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

899,7

23

Алғашқы медициналық көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

299,9

24

Оңалту шараларын жүргізуге жәрдемдесу (оңалту қызметтерін алу кезіндегі сүйемелдеу

Әлеуметтік қызметкер

1799,4

25

Балаларға арналған абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

449,85

26

Бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық консультациясына жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

27

Қызмет алушыларды техникалық көмекші (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға үйрету

Әлеуметтік қызметкер

299,9

28

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: алу, сатып алу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

29

Ересектерге арналған абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

449,85

30

Абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту аппаратын алуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

499,85

31

Жасына байланысты бейімделу мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік және медициналық мәселелер бойынша консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

299,9

32

Балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға патронаждық бақылау

Әлеуметтік қызметкер

449,85

33

Денсаулыққа байланысты процедураларды жүргізу (дәрі-дәрмектерді қабылдау, тамшыларды тамызу және емдеуші дәрігердің нұсқауымен байланысты процедуралар)

Әлеуметтік қызметкер

449,85

34

Ата-аналарды немесе отбасы мүшелерін үйде оңалту негіздеріне үйрету

Әлеуметтік қызметкер

299,9

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер

35

Қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

299,9

36

Қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, ынталандыру, белсенді болуға ынталандыру

Әлеуметтік қызметкер

599,8

37

Әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

Әлеуметтік қызметкер

299,9

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер

38

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдай жасау мәселелері бойынша отбасы мүшелеріне консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

299,9

39

Өзін –өзі күту, жеке гигиена, үйде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас дағдыларын дамыту қызметтері

Әлеуметтік қызметкер

299,9

40

Ересектерге кәсіптік білім алуға көмектесу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

41

Балалар мен 18 жастан асқан адамдарды әлеуметтік дағдылары қалыпты деңгейдегі тұрмыстық және қол шеберлігінің негіздерін, күнделікті және қоғамдық орындардағы мінез-құлықты, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

Әлеуметтік қызметкер

299,9

42

Әлеуметтік-педагогикалық консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

299,9

43

Отбасы мүшелерін балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды үйдегі қажетті өмірлік дағдыларға қалыптастыруды үйрету

Әлеуметтік қызметкер

299,9

44

Жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың білім алуына жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

Әлеуметтік-еңбек қызметтері

45

Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

46

Қызмет алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

299,9

47

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдарға кәсіптік бағдар беру

Әлеуметтік қызметкер

299,9

Әлеуметтік-мәдени қызметтер

48

Қызмет алушыларды бос уақытын өткізуге және мәдени іс-шараларға қатысуға тарту

Әлеуметтік қызметкер

299,9

49

Клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

Кеңесші

154,2

50

Клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

Әлеуметтік қызметкер

899,7

51

Мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

Кеңесші

154,2

52

Мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

Әлеуметтік қызметкер

899,7

53

Мәдени іс-шараларға барған кезде қызмет алушыларды алып жүру

Әлеуметтік қызметкер

1799,4

Әлеуметтік-экономикалық қызметтер

54

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға қамқорлық жасайтын отбасыларға отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру

Кеңесші

154,2

55

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға қамқорлық жасайтын отбасыларға отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

299,9

56

Қызмет алушылардың саны бойынша есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

Кеңесші

154,2

57

Тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен төлемдердің басқа түрлерін алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу

Кеңесші

154,2

58

Тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен төлемдердің басқа түрлерін алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

899,7

Әлеуметтік-құқықтың қызметтер

59

Қызмет алушыларға жұмысқа орналасу үшін құжаттарды ресімдеуде, жеке басын куәландыратын құжатты және заңды маңызы бар құжаттарды алуда заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

449,85

60

Заңды маңызы бар құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

Кеңесші

154,2

61

Заңды маңызы бар құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

449,85

62

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру мен көмек алу құқықтарына байланысты мәселелер бойынша заңнамаға сәйкес заңгерлік консультация беру

Кеңесші

154,2

63

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру мен көмек алу құқықтарына байланысты мәселелер бойынша заңнамаға сәйкес заңгерлік консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

449,85

64

Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа орналастыруға жәрдемдесу

Кеңесші

308,4

65

Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа орналастыруға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

66

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және беруге жәрдемдесу

Кеңесші

154,2

67

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және беруге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

449,85

68

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттан тегін заң көмегін алуға жәрдемдесу

Кеңесші

154,2

69

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттан тегін заң көмегін алуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

149,95

70

Балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеуден жалтарған ата-аналарға қатысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ұсыныстарды ресімдеу

Кеңесші

154,2

71

Балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеуден жалтарған ата-аналарға қатысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ұсыныстарды ресімдеу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

72

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

73

Отбасында қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу

Кеңесші

154,2

74

Отбасында қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

299,9

75

Жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандардың жұмысын үйлестіру, жеке жоспарға сәйкес қызмет көрсетуді бақылау)

Кеңесші

154,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады