Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Казталов ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 08 маусымдағы № 4-12/6 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов ауданы әкімінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 13 "Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Серікке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Саркулов |
