Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 12 тамыздағы № 26-9 шешімі

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      2-бөлімде:

      келесі мазмұндағы төртінші жолмен толықтырылсын:

4

Екі жақты нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеуі.
Екі жақты аралас (кондуктивтік және нейросенсорлық) кереңдік.
Екі жақты кондуктивтік есту қабілетінің төмендеуі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Есту аппараты

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады