"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес, "Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 173-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35998 болып тіркелген) негізінде, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес Катонқарағай ауданының әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес Катонқарағай ауданының әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
3. "Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде жариялау үшін жолдасын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "16" наурыздағы № 62 қаулысына 1 қосымша |
|
| Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "16" наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілді |
"Катонқарағай ауданының әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес туралы" ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Катонқарағай ауданының әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Катонқарағай ауданының әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Кеңес Катонқарағай ауданының әкімдігі жанындағы консультативтік-
кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңес өз қызметін мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырады.
2-тарау. Кеңестің міндеттері мен функциялары
5. Кеңестің міндеттері:
1) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) мемлекеттік жастар саясаты міндеттерінің іске асырылу тиімділігін талдау;
3) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылау.
6. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды және талқылайды;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартады;
3) мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі;
4) мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды.
3-тарау. Кеңестің құрылымы және жұмысын ұйымдастыру
7. Кеңес төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Кеңес мүшелерінен тұрады, олар Кеңес жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
8. Кеңес төрағасының орынбасары Кеңес мүшелері арасынан қатысып отырған мүшелердің қарапайым көпшілік дауысымен сайланатын жастар ұйымының өкілі болып табылады.
9. Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Кеңестің төрағасы болып табылады
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 11.06.2026 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Кеңестің құрамы:
1) Кеңес мүшелері жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, жастар ұйымдарының өкілдері болып табылады;
2) Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.
11. Кеңестің жұмыс органы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі уәкілетті орган болып табылады.
Жұмыс органы:
1) Кеңес жұмысының жалпы ұйымдастырылуын жүзеге асырады;
2) Кеңес жұмысын ақпараттық-талдамалық және құжаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
3) ақпарат жинайды, зерделейді, Кеңестің өткізген отырыстарын, қаралған мәселелерді, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда қабылданған шешімдерді талдайды, осы саладағы жұмысты жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;
4) Кеңестің құзыретіне жататын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен хат алмасуды жүргізеді;
12. Кеңестің жұмысын жариялауда бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
13. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, сондай-ақ Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің бастамасымен, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі және Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысқан кезде өкілетті болып есептеледі.
14. Кезекті және кезектен тыс отырыстың күнін, өткізу уақытын, күн тәртібін Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын есепке ала отырып, Кеңес төрағасы айқындайды.
15. Кезекті отырыстың күн тәртібі Кеңес мүшелеріне отырыс жұмысының басталуына дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жолданады.
16. Кеңес отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің жай көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
17. Кеңес шешімдері Кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
18. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
| Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "16" нурыздағы № 62 қаулысына 2 қосымша |
Катонқарағай ауданының әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамы
Ескерту. Жолдарға өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 11.06.2026 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1 | Жакитов Серік Мырзауәлиұлы | аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы |
2 | Абенов Кобланды Туражанович | ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы |
Кеңес мүшелері: | ||
3 | Болаев Бейімбет Қабдрахманұлы | аудандық мәслихаттың төрағасы (келісім бойынша) |
4 | Жакитов Серік Мырзауәлиұлы | аудан әкімінің орынбасары |
5 | Жақсылықова Гүлнәр Мақұлбекқызы | аудан ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы |
6 | Көшенева Ғалия Победовна | Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы (келісім бойынша) |
7 | Ерланова Жанат Ерланқызы | комиссия - Катонқарағай ауданының "Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы. |
8 | Тоқтасынова Гүлфайруз Тілеуханқызы | Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының еңбек мобильділігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Катонқарағай ауданы мансап орталығы" филиалының директоры (келісім бойынша) |
9 | Асанова Жансая Ертайқызы | аудан ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы |
10 | Слямбаев Тасқын Еркінұлы | Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры |
11 | Нигметова Айгүл Қайнарқызы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекетітк мекемесінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас маманы (келісім бойынша) |
12 | Садуева Назерке Асқарқызы | "Katonkaragay Resorт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
13 | Серікболқызы Жұлдыз | Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Катонқарағай ауданының полиция бөлімі отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жөніндегі инспекторы (келісім бойынша) |
14 | Сарбасов Алмас Тілеужанұлы | "Берел" тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары (келісім бойынша) |
15 | Рақышев Рүстем Саматұлы | Катонқарағай ауданының білім бөлімі "С.Ластаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі |
16 | Смағұлов Тимур Серікханұлы | "Арайлы Катонқарағай" газетінің бас редакторы, журналист |
Балтабаев Бауыржан Жұмақанұлы | аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы | |
