"Катонқарағай ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес құру және оның ережесін бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 102 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 - бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Катонқарағай ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес құру және оның ережесін бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 62 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған қаулымен бекітілген Катонқарағай ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес туралы ереженің 3-тарауының 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Кеңестің төрағасы болып табылады";

      2) аталған қаулымен құрылған Катонқарағай ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамындағы:

      "Дүйсембаев Данияр Бекқазыұлы - аудан әкімі, Кеңес төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жакитов Серік Мырзауәлиұлы - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы";

      Комиссия құрамынан Кусаинов Фархат, Нурланова Тамилис Маратқызы, Маниярова Анар Тастанбекқызы шығарылсын;

      3) Комиссия құрамына енгізілсін:

      Балтабаев Бауыржан Жұмақанұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы;

      Абенов Кобланды Туражанович- ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы;

      Ерланова Жанат Ерланқызы комиссия - Катонқарағай ауданының "Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы.

      2. "Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін электрондық нысанда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін жолдасын;

      2) осы қаулының Катонқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ә. Шапенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады