Үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен өзге мақсатта бірге болуға тыйым салынған орындарды анықтау

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 194 қаулысы

      "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-2-тармағына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен өзге мақсатта бірге болуға тыйым салынған орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ж. Аскарова

  Алтай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 21 сәуір
№ 194 қаулысына қосымша

Үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен өзге мақсатта бірге болуға тыйым салынған орындар

      1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумағы.

      2. Білім беру ұйымдарының аумағы.

      3. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының аумағы.

      4. Медициналық ұйымдардың аумағы.

      5. Емдеу ұйымдарының аумағы.

      6. Мәдениет ұйымдарының аумағы.

      7. Балалар және спорттық ойын алаңдарының аумағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады