2026 жылға арналған Глубокое ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 37/7-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 7-1- бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2026 жылға Губокое ауданы бойынша аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерiнде туристік жарна мөлшерлемесі бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы А. Калигожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады