Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 150 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 178841 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
"33-1) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу іс-шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша;".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Риддер қаласының әкімі | Д. Рахметкалиев |
