Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Өскемен қаласы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың Қағидаларын бекіту туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 1436 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өскемен қаласы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың Қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент (тұтынушы) болған жағдайларда энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есепке алу аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледi.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мәселелер Осы Қағидаларда реттелмеген, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен реттеледі.".
2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласының әкімі | А. Акышов |
