Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 4154 "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бөлімнің штат санының лимиті Өскемен қаласы әкімдігімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.";
14-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) Өскемен қаласының даму жоспарын әзірлеу, мониторингілеу және түзету;".
қаулының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласының әкімі | А. Акышов |
