"Білім берудің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 180 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 28 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім берудің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 180 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) білім беру ұйымдарының қызметінде цифрлық сервистер мен платформаларды дамыту және енгізу, цифрлық құралдарды қолдануды үйлестіру арқылы білім беру саласын цифрландыруды қамтамасыз ету;

      14) инвестицияларды тартуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ инновациялық білім беру шешімдері мен заманауи цифрлық тәсілдерді ілгерілету;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру саласында пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен цифрлық ресурстарды қорғауды қоса алғанда басқарма қызметінің саласында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету.".

      2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

      "Келісілді"
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік сатып алу
басқармасының басшысы
___________Р. Баирбеков
2026 жылғы "__" ______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады