Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 28/160-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 46/266-VІІІ шешiмi

      Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №28/160-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6647-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

      4) тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.".

      7 тармақтың 2) тармақшасындағы "2" деген сан "2,5" санына ауыстырылсын.

      8 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі – АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне – ай сайын республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік мөлшерінде;"

      8 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) АИТВ-мен ауыратын адамдарға – ай сайын республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік мөлшерінде;".

      8 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржылық көмек түріндегі әлеуметтік көмек: оқу жылы кезеңінде үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедектігі бар балаларға – ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;"

      8 тармақ, 5) тармақшадағы "65 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөз "жолдамамен қамтамасыз ету" сөзіне ауыстырылсын.

      8 тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталсын.

      8 тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) қаржылық көмек түріндегі әлеуметтік көмек: Арыс қалалық пробация қызметі бөлімі ұсынған тізімге сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тіркелген азаматтарға – бір рет 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Арыс қаласының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Әлеуметтік көмек көрсету:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тұрақты тұру үшін Арыс қаласының аумағынан тыс жерге кеткен;

      3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы осы қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады