Атырау облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаторлық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 240-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаторлық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайрулллиев

  Атырау облыстық
мәслихатының 2026 жылғы
19 маусымдағы № 240-VIII
шешіміне қосымша

Атырау облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаторлық емдеу кезінде тегін шарттармен қосымша берілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың тізбесі

Р/с

Аурудың атауы

Халықтың санаты

Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші
(дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы)

Дәрілік заттардың (шығару нысаны), медициналық бұйымдардың, арнайы емдік өнімдердің атауы

1

2

3

4

5

1.Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар

1)

Ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелік нұсқасы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

Тоцилизумаб,
инъекция дайындау үшін ерітінді жасауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді

Тофацитиниб, таблетка, суспензия, раствор

Жеке төзімсіздік жағдайында

Хумира, (Адалимумаб) инъекцияға арналған ерітінді

2)

Жасөспірімдердегі анкилоздаушы спондилит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

3)

Крон ауруы және бейспецификалық ойық жаралы колит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

Ведолизумаб, инфузия үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ

4)

Ювенильді дерматомиозит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Адалимумаб, инъекцияға
арналған ерітінді

Анакинра, тері астына енгізуге арналған ерітінді

5)

Ювенильді ревматоидты артрит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

6)

Бехчет ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

7)

Интерстициалдық өкпе ауруы, альвеолярлық және парието - альверлярлық бұзылулар, альвеолярлық протеиноз, өкпенің альвеолярлық микролитиазы, таралған өкпе фиброзы, криптогенді фиброздаушы альвеолит, Хаммен-Рич синдромы, идиопатиялық өкпенің фиброзы, лимфангиолейомио- матоз, нақтыланған интертициалдық пневмония, нақтыланбаған интерстициалдық өкпе ауруы, қосымша нақтыланбаған интерстициалдық пневмония

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Азатиоприн, таблетка

8)

Оптиконевромиелит
(Девик ауруы)

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Азатиоприн, таблетка

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

Сатрализумаб,
тері астына енгізуге арналған ерітінді

Прегабалин, капсула

Экулизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

9)

Кілегейлі-тері және лимфа түйіндері (Кавасаки) синдромы, Вегенер гранулематозы, Аорта доғасы синдромы (Такаясу), Микроскопиялық полиангиит, Жүйелік қызыл жегі, Балалардағы дерматомиозит, Полимиозит, Үдемелі жүйелі беріштену, Бехчет ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Азатиоприн, таблетка

10)

Түйінді полиартрит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Тоцилизумаб,
инъекция дайындау үшін ерітінді жасауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді

11)

Жүйелік бастамалы жасөспірімдер артриті

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Тоцилизумаб,
инъекция дайындау үшін ерітінді жасауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді

12)

Қолқа доғасының синдромы (Такаясу ауруы)

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Тоцилизумаб,
инъекция дайындау үшін ерітінді жасауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді

13)

Жүйелік склеродермия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

14)

Вегенер ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

15)

Дәнекер тінінің жүйелік зақымданулары (Шарпа синдромы)

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

16)

Дәнекер тінінің басқа нақты жүйелі зақымданулары

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

17)

Жүйелі қызыл жегі, жүйелік қызыл жегінің басқа түрлері

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

Анифролумаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

18)

Көпіршелі теміреткінің басқа түрлері

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

19)

Прогрессирлеуші жүйелі склероз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

20)

Идиопатиялық дерматомиозит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

21)

Нейрофиброматоз
1 типі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Селуметиниб, капсула

22)

Сол жақ төменгі аяқтың плексиформды нейрофибромасы бар нейрофиброматоз (қатерлі емес)

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Селуметиниб, капсула

23)

Цистиноз, ювенильді нефропатиялық форма

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Цистеамин битартрат,
капсула

Цистеамин гидрохлориді, тамшы

24)

Туа біткен жүрек ақауы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Риоцигуат, қабықпен қапталған таблетка

25)

Бастапқы өкпе
гипертензиясы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Риоцигуат, қабықпен қапталған таблетка

Селексипаг, қабықпен қапталған таблетка

26)

Созылмалы посттромбоэмболиялық өкпе ауруы
І тип

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Риоцигуат, қабықпен қапталған таблетка

27)

Жүректің өткір зақымдануы жоқ өкпе эмболиясы. Екі өкпеге созылмалы тромбоэмболиялық ауру.

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Риоцигуат, қабықпен қапталған таблетка

28)

Туа біткен жүрек ақауы. Эйзенменгер синдромы. Жүрек жеткіліксіздігі.

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Селексипаг, қабықпен қапталған таблетка

29)

Туа біткен жүрек ақауы. Жоғары
өкпе гипертензиясы. Эйзенменгер синдромы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Селексипаг, қабықпен қапталған таблетка

30)

Помпе ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Майозайм, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындау үшін лиофилизат

31)

Durie–Salmon Plus бойынша III B сатыдағы көптік миелома,қабырғалар мен омыртқада кең таралған остеодеструктивті синдроммен

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Помалидомид, капсула

32)

Анкилозидаушы спондиллит
(Бехтерев ауруы)

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Секукинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді

Этанерцепт, тері астына енгізуге арналған ерітінді /инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

33)

Ұстамалы түнгі гемоглобинурия (Маркиафава–Микели ауруы) клонымен

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Экулизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

34)

Гемолитикалық анемия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Сиролимус, таблетка

35)

Қан ұю факторларының жүре пайда болған тапшылығы.
К витаминіне тәуелдік коагулопатия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Октаплекс, инъекцияға арналған ұнтақ

36)

Шашыраңқы склероз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Кладрибин, таблетка

37)

Жүйелі вариабельді васкулит.
(Бехчет ауруы)

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Инфликсимаб,инъекцияға арналған ұнтақ

38)

Ахондроплазия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Восоротид, тері асты инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизат

39)

Дюшеннің прогрессирлеуші бұлшықет дистрофиясы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Голодирсен, инфузиялық енгізуге арналған ерітінді немесе концентрат дайындау үшін ұнтақ

40)

Бронх демікпесі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Омализумаб, жиынтығында еріткіші бар инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Тезепелумаб,көктамыр ішілік инфузияға арналған стерильді ерітінді

41)

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Соматропин, инфузияға арналған ерітінді

42)

Гипофосфатемия. Төменгі аяқтардың варус деформациясы.
Х-хромосомамен берілетін тұқым қуалайтын гипофосфатемия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Генетикалық тұрғыдан дәлелденген.
Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Буросумаб, инфузияға арналған ерітінді

43)

Стилл ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Канакинумаб, инфузияға арналған ерітінді

44)

Сүт безінің қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Трастузумаб+дерукстекан

45)

Жатыр денесінің қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Кабозантиниб, капсула

46)

Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхоөкпелік дисплазия

2 жасқа дейінгі балалар

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Паливизумаб, инъекция дайындауға арналған ерітінді, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

47)

Кәдімгі көпіршікше. Стрептококк инфекциясының тасымалдаушысы. Стероидтық остеопороз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

48)

Алғашқы ошағы жоқ, метастатикалық оң жақ жамбас сүйектерінің зақымдалуы .
ST IV TхN0M1

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Пембролизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат

49)

Қалқанша безінің Медулярлы қатерлі ісігі. STIV T3N1M1. Қалқанша безінің қатерлі ісігі. T2Н0M0 1ст

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Кабазантиниб, капсула

50)

Сол жақ бүйректің қатерлі ісігі.
4стадиясы T3N1M1

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Кабазантиниб, капсула

51)

Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің қатерлі ісігі.
II стадиясы
Tх Nx M0

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Лорлатиниб, таблетка

52)

Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің перифериялық қатерлі ісігі
26 T2N1MO.

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Бригатиниб, таблетка

53)

Бауырдың гепатоцеллюлярлық карционамасы. STII Т2N0М0. (Нексовар – 1 ай) Таргеттік терапиядан кейінгі жағдай. Биохимиялық өршу

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ленватиниб, таблетка

54)

Перибронхиалды өсуі бар оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің орталығындағы қатерлі ісік.
STIII T2N1M0

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ниволумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат

55)

Сол жақ өкпенің плеврасының мезотелиомасы
Т4N1M0

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ипилимумаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

Ниволумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат

56)

Асқазан- ішек жолдарының туа біткен ақауы. Жіңішке ішектің атрезиясы, 4 тип. Жіңішке ішектің "шұжық тәрізді" атрезиясынан кейінгі қысқа ішек синдромы.
ІІ-ІІІ дәрежелі нутритивтік жеткіліксіздік.

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Катетерді жабуға арналған ерітінді: циклотауролидин, 4% цитрат, гепарин 500 Б/мл. 5 мл №10 ампулалар (Taurolock Hep 500)

Катетерді жабуға арналған Taurolidine + Urokinase 25 000 ерітіндісі

Адиамин регидрокомплекс /Регидровит тұзды ерітіндісі

Стерофундин изотоникалық инфузиялық ерітіндісі

57)

Қуықасты безінің қатерлі ісігі.
STII T2N0M0
St IIIb T3bN0M1
St-II T2cN0M0

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Даролутамид, таблетка

58)

Өңештің төменгі үштен бір бөлігінің қатерлі ісігі.
T3NoMo stLL

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Пембролизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат

59)

Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің орталық қатерлі ісігі CTIITxHxM0

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Лорлатиниб, таблетка

60)

Миелин олигодендроцит гликопротеинмен байланысты орталық жүйке жүйесінің ауруы. Айқын атаксиялық синдром. G36.8

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

2. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі арнайы емдік өнімдер

1)

Асқазан- ішек жолдарының туа біткен ақауы. Жіңішке ішектің атрезиясы, 4 тип. Жіңішке ішектің "шұжық тәрізді" атрезиясынан кейінгі қысқа ішек синдромы. ІІ-ІІІ дәрежелі нутритивтік жеткіліксіздік

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Арнайы энтеральды гидролизденген қоспа — НутрилонПепти Гастро

Ішінара гидролизденген арнайы энтеральды қоспа — Нутрилон ГА

СМОФ Кабивен центральный, парентералды қоректендіруге арналған біріктірілген препарат

Солувит-Н, парентералды енгізуге арналған суда еритін витаминдер. Инфузияға арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизат

Виталипид-Н, парентералды енгізуге арналған майда еритін витаминдер. Инфузияғаарналған эмульсия

Аддамель-Н, инфузияға арналған ерітінді дайындау үшін концентрат

3. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар

1)

Асқазан- ішек жолдарының туа біткен ақауы. Жіңішке ішектің атрезиясы, 4 тип. Жіңішке ішектің "шұжық тәрізді" атрезиясынан кейінгі қысқа ішек синдромы. ІІ-ІІІ дәрежелі нутритивтік жеткіліксіздік

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Бровиак туннельденген катетеріне арналған жөндеу жиынтығы 4,2 Fr

Туннельденген катетер
4,2 Fr

Intrafix Safe Set Luer Lock 230 см инфузиялық желісі

Үш жүрісті кранды инфузиялық желі (Discofix)

Сүзгісі бар инфузиялық жүйелер (In-Stopper)

Мембранасы бар қақпақша (In-Stopper)

Түпнұсқа ұзартқыш – LeitungLuer 50 см 4097408 (Б.Браун)

Орталық катетерге арналған мөлдір үлдірлі таңғыш 10×12,5 см

Tegaderm CHG 1657R 7,5×8 см стерильді таңғыштары

Су өткізбейтін үлдірлі таңғыш

Cosmopor I.V. 6×8 см таңғыштары

Жабысқақ заттарды кетіруге арналған тазартқыш (Coloplast Brava / Niltac спрейі)

Ректальды зонд
(газ шығаратын түтікше) 8/10 Fr


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады