"Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 113 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастарыбасқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      14-тармақта:

      54) тармақша алынып тасталсын;

      99-14) және 99-15) тармақшалар келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "99-14) аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялайды;

      99-15) аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялайды;";

      келесі мазмұндағы 99-16) және 99-17) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "99-16)аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялайды;

      99-17) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялайды;".

      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастарыбасқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады