Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 105 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.";
15-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдары басшыларының қызметін бағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;";
15-тармақтың 29) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"30) "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің, аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу;";
15-тармақтың 41) тармақшасы алып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі | Р. Аңбаев |
