"Заречный кентінің аумағын тұрақты тұру үшін жарамсыз деп тану туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 805 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Заречный кентінің аумағын тұрақты тұру үшін жарамсыз деп тану туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1828 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      № 1 - қосымша-Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және оның орнына тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға № 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау тиісті бағыт бойынша қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Мұхамедиев

  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы "15" сәуірдегі
  № 805 қаулысына
  1-қосымша

Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

Төренова
Қалия Батталқызы

қала әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы

Омарова
Әлия Олеговна

персоналды басқару қызметінің басшысы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері

Ілиясов
Аслан Қайратұлы

"Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ басшысы

Макенов
Айдын Есләмұлы

"Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ басшысының орынбасары

Жолмұқан Руслан Нұрханұлы

"Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ нормативтік-құқықтық актілер секторының меңгерушісі

Козлов
Владимир Иванович

Қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Иманов
Төлеген Серікұлы

ЖК "Иманов Т.С." (келісім бойынша)

Василенко
Дмитрий Геннадьевич

"Петропавл дабыл және байланыс дистанциясы" ППО төрағасы (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады