"Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 4/33 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733-15 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

      3-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1. тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген нормалар шегінде есептейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады