Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 265 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14 тармақ өзге редакцияда жазылсын:
"14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардан сол құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын танысу үшін сұрату және алу;
салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларын жобаның талаптарына және мемлекеттік (мелекетаралық) нормативтерге сәйкестігіне зертханалық сынақ жүргізу үшін тауелсіз зертханаларды тарту;
орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінен мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ақпаратты алу;
мемлекеттік органдарға лизензиялауды немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратумен, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы сұратумен жүгіну;
өз құзыретті шегінде басқа адамдардың немесе қандай да бір топтағы адамдардың бұзылған немесе даулы заңды мүдделерін қорғау туралы талаппен сотқа жүгіну;
әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тарту;
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған жағдайда, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты, сондай-ақ өз бетінше салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу туралы талаппен сотқа жүгіну;
Құрылыс объектілерін кәдеге жаратудан кейінгі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 104-бабы 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде енгізілген өзгеріс туралы тіркеуші органды хабардар етсін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік етеін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |
