БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына арналған шекті бағаларда:
реттік нөмірлері 510 және 511-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
510 | Вигексол | Йогексол | Инъекцияға арналған ерітінді, 300 мг йод/мл, 50 мл, №10 | V08AB02 | ҚР-ДЗ-3№122076 | НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ | құты | 4021,53 |
511 | Вигексол | Йогексол | Инъекцияға арналған ерітінді, 350 мг йод/мл, 50 мл, №10 | V08AB02 | ҚР-ДЗ-3№122077 | НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ | құты | 5259,28 |
";
реттік нөмірі 537-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5537 | Випромид | Йопромид | Тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді, 300 мг йод/мл, 50 мл, №10 | V08AB05 | ҚР-ДЗ-5№022720 | НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ | құты | 6784,83 |
";
реттік нөмірі 931-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 1292-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1292 | Левофолик | Деректер жоқ | Вена ішіне енгізуге немесе инфузияға арналған ерітінді, 50 мг/мл, 4 мл, №1 | V03AF10 | ҚР-ДЗ-5№025439 | Онкомед мануфакчеринг а.с. | Құты | 31188,41 |
";
реттік нөмірі 1659-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1659 | Новокаин | Прокаин | Инъекцияға арналған ерітінді, 0.5 %, 5 мл, №5 | N01BA02 | ҚР-ДЗ-5№010373 | Химфарм | ампула | 46,7 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2940 және 2941-жолдармен толықтырылсын:
"
2940 | ГЕПИРИД® | Глимепирид | Таблеткалар, 3 мг, №30 | A10BB12 | ҚР-ДЗ-3№020411 | Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы | Таблетка | 64,80 |
2941 | ГЕПИРИД® | Глимепирид | Таблеткалар, 2 мг, №30 | A10BB12 | ҚР-ДЗ-3№020415 | Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы | Таблетка | 42,00 |
".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
