БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:
6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) денсаулық сақтау ұйымының оған денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсынымын қарайды және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсынысты мақұлдау не мақұлдау (негіздемемен) беруден бас тарту туралы ұсыным шығарады;";
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Секцияның атауы, оның дербес құрамы, сондай-ақ Секцияның жұмыс органы ҒТК отырысында бекітіледі. Тиісті бейін бойынша Секцияның жұмысына тартылатын сарапшылардың құрамы Секция басшысының ұсынымы бойынша ҒТК шешімімен бекітіледі. Тартылған сарапшылар Секцияның жұмысына дауыс беру құқығынсыз қатысады. Секция жұмысы барысында шешім қабылдау кезінде дауыстар тең болған жағдайда Секция басшысының дауысы шешуші болып табылады.
18 ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны тақ болып, кемінде 9 (тоғыз) адамнан және 25 (жиырма бес) адамнан аспауға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялаған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет –ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
