Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 324/8 және Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 2/30 "Тереңкөл ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 56 бірлескен қаулысы және Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 2/42 шешімі

      Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 324/8 және Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 2/30 "Тереңкөл ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30808 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақта:

      ауылды таратуына байланысты "ауданы 1217,0 гектар Луговое ауылы" сөздері жойылсын;

      "1995,0" деген сандар "3212,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      7-тармақта:

      ауылды таратуына байланысты "ауданы 1057,0 гектар Новоспасовка ауылы" сөздері жойылсын;

      "4076,0" деген сандар "5133,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      11-тармақта:

      "6954,7" деген сандар "6339,14" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Әкімдіктің осы бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауданының әкімі А. Маңғұтов
      Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Габидулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады